Ақпарат:

24 қазан 2023 1861

Сәтбаев университетінде Республика күніне 2023 арналған дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев университетінде Республика күніне 2023 арналған дөңгелек үстел өтті

Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында Ұлықпан Сыдықов шығармашылық орталығында «Егемендік – ел еркіндігі»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде, ең есте қаларлық сәт ғылым және білім, өнер саласындағы көрнекті тұлға Ұлықпан Сыдықовтың жаңа кітабын таныстыра сөз сөйлеуі және желтоқсаншы Ермахан Қалмырзаевтың «Тәуелсіздікке тағзым» атты өлеңі болды. 

Оны «Азаттық декларациясы» тақырыбында баяндама оқыған студент Ишанбекова Мақпал жалғастырды. Ол Қазақстанның егемендігіне арналған зерттеулерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Дөңгелек үстелді «Қоғамдық пәндер» кафедрасы ұйымдастырды және оның оқытушылары егемендік пен оны мерекелеу жайында өз ойларымен бөлісті. Республика күнін мерекелеудің маңыздылығы туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былай деген еді: «Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек». Дөңгелек үстелге қатысушылар осымен келісті.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ «Әлеуметтік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Болат Қабдөшев, ҚР педагогика ғылымдары академиясының академигі, қауымдастырылған профессор Досалы Салқынбек және 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, аға оқытушы Ермахан Қалмырзаев сөз сөйледі.

Кездесу соңында дөңгелек үстелдің модераторы Тұрлыбек Тумабаев іс-шараны қорытындылап, баяндамашылар мен тыңдаушыларға алғысын білдірді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту