Ақпарат:

24 қаңтар 2022 3099

Сәтбаев Университетінде Сәулет-қала құрылысы мәселелері жөніндегі қауымдастықтың отырысы өтті

Сәтбаев Университетінде Сәулет-қала құрылысы мәселелері жөніндегі қауымдастықтың отырысы өтті

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан халқына, ал 2022 жылғы 11 қаңтарда Мәжілісте реформаторлық сөз сөйледі. Екі сөз де бізге – сәулетшілерге – Қазақстанның тұрақты болашағына деген сенім ұялатты!

Халықаралық МААМ-Еуразия сәулет академиясының Қазақстандық академиялық орталығы Satbayev University базасында «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және сәулет-қала құрылысы білімін дамыту проблемалары мен перспективалары» бойынша Қазақстанның шығармашылық ұйымдарының қауымдастығын құру бастамасын көтерді.

Қауымдастыққа ҚазМААМ-Еуразия, Қазақстан Сәулетшілер Одағы, «Астанагенплан» ҒЗЖИ, «Алматыгеплан» ҒЗИ, Satbayev University, Нұр-сұлтан мен Алматының ірі жобалау ұйымдары кірді.

2022 жылғы 21 қаңтарда қауымдастық отырысы онлайн-форматта өткізіліп, онда Қазақстан Республикасы Президентінің сөйлеген сөзі аясында сәулет-қала құрылысы мәселелері көтеріліп, қаралды.

Келесі өзекті мәселелер талқыланды:

1. Қазіргі заманның сын–қатерлерін (оның ішінде C-19 бойынша жағдай, Алматыдағы қаңтар оқиғалары) және халықтың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған қалаларды салудың жаңа халықаралық тәсілдерін ескере отырып, сәулет және қала құрылысын дамыту бағытын айқындау (баяндамашы А. А. Мәметов – «Градо» жобалау фирмасының директоры, ХААМ академигі, ҚазМААМ-Еуразия вице-президенті);

2. Алматы қаласын перспективалық дамыту және реновациялау жөніндегі ұсыныстар (баяндамашы Сатыбалдиев А. О. – Алматы қаласының бас жоспарының авторы, МААМ профессоры);

3. Нұр-сұлтан қаласында жеңіл рельсті көлікті одан әрі салу бойынша ұсыныстар (баяндамашы А. В. Пирожков – «Астанагенплан» ҒЗЖИ ЖШС бас сәулетшісі);

4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің нормативтік-құқықтық базасын өзгерту жөніндегі ұсыныстар (баяндамашы Татығұлов а.а. – ҚР АА президентінің міндетін атқарушы, KAZGOR Жобалау академиясының президенті, МААМ корр. мүшесі).

Баяндамалар қатысушылар мен тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, әр ұстаным бойынша қызу талқылау өтті.

Белсенді кәсіби ұстанымы бар сәулетшілер мен қала салушылар қоғамдастығынан осы мәселелер бойынша қалыптастырылған ұсыныстар Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесіне, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жіберілетін болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту