Сәтбаев Университетінде шахматтан жеке біріншілік өтті
Сәтбаев Университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып, студенттер мен оқытушылар арасында шахматтан жеке біріншілік өтті. Батырбек Зарипов, Нұрболат Ботабеков және Давид Шнитов жеңімпаз атанды. Ал оқытушылар арасынан 1-орынды Сәулет және құрылыс институтының профессоры Құмар Бағдаулет алды. Екінші орынға әскери институтының бас меңгерушісі Швачко Вадим ие болды
Чемпионатқа 17 адам қатысты. Қатысушылардың барлығы да университетте жұмыс істейді немесе оқиды, ал оларды әлемдегі ең қызықты ойынға деген сүйіспеншілік біріктіреді. Қатысушылар арасында тәжірибелі де, жаңадан бастаған ойыншылар да болды, сондай-ақ шахматтан жарысқа алғаш рет қатысқан студенттер де болды. Тіпті жарысқа Сәтбаев Университетінің үстел теннисі командасының мүшесі Глеб Горбенко да қатысты.
Екі күнге созылған ойын жарысында шахматшылар 7 айналымнан 56 ойын ойнады. Чемпионат FIDE ережелеріне сәйкес, швейцариялық реттелетін жүйе бойынша өтті. Әлібек Нығметов жарысқа қазылық етті. Ойыншылардың әртүрлі құрамына қарамастан, жекпе-жек өте тартысты және ымырасыз өтті! Чемпионатқа қатысушылардың барлығы да арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сәтбаев Университетінің шахмат клубы 2015 жылдан бері жұмыс істейді, оған шахматтан спорт шеберіне кандидат Әлібек Нығметов жетекшілік етеді. Құрылған жылдан бері клуб мүшелері бірнеше рет қалалық жарыстардың жүлдегерлері атанса, биылғы жазда университеттің шахмат командасы республикалық шахмат жарысында қола жүлдеге ие болды.
Біз жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз, ал шахмат клубына алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!