18 маусым 2021 5423

Сәтбаев университетінде "Сурет" және "Сызу" шығармашылық пәндері бойынша мектеп түлектеріне арналған олимпиада өтті

Сәтбаев университетінде "Сурет" және "Сызу" шығармашылық пәндері бойынша мектеп түлектеріне арналған олимпиада өтті

2021 жылдың 26 сәуірі мен 19 мамыры аралығында Сәтбаев Университетте оқушылар арасында "Сурет" және "Сызу" шығармашылық пәндер кешені бойынша Олимпиада өтті. Биылғы олимпиаданың ерекшелігі оның Microsoft Teams онлайн платформасында жұмысы болды.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 30-дан астам орта мектептері, лицейлері мен гимназияларының 11-сынып оқушылары қатысты.

Қатысушылардан жеке тапсырманы алғаннан кейін берілген уақыт ішінде қашықтықтан өз бетінше жұмысты орындау талап етілді: "Сурет" пәні бойынша геометриялық денелердің құрамы және "Сызу" пәні бойынша көлемді фигураның проекциясын құру бойынша сызба.

Барлық ұсынылған жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша Конкурстық комиссия келесі Олимпиада жеңімпаздарына дипломдар беру туралы шешім қабылдады:

1-ші орын, бірінші дәрежелі Диплом - Казбек Танзила Алиевна
2-ші орын, екінші дәрежелі Диплом- Цой Владимир Эрастович
3-ші орын, үшінші дәрежелі Диплом- Умирбекова Алиша Канатовна

Қалған барлық балалар олимпиадаға қатысушы сертификаттарымен марапатталады.

Жеңімпаз дипломының және Олимпиада қатысушысы сертификатының иегерлері Сәтбаев Университетте "Сәулет" және "Дизайн" білім беру бағдарламаларына қабылданғанда басым құқыққа ие болады.

2021 жылғы шығармашылық Олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз және ҰБТ және түсу емтихандарын табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз!

Сәтбаев Университетте күтеміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту