Ақпарат:

15 желтоқсан 2023 3242

Сәтбаев Университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басқару мәселелеріне арналған университетаралық дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев Университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басқару мәселелеріне арналған университетаралық дөңгелек үстел өтті

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Сәтбаев Университеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып, «Жоғары білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басқару қызметінің ережелерін сақтауды насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуге Департаменттің жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев, Сәтбаев Университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Әбдіхалы Жұманов және Алматы қаласы жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ережелерін сақтау жөніндегі қызметтің басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел ISO 37001:2016 «Парақорлыққа қарсы күресті басқару жүйесі» халықаралық стандартына арналды, бұл бүгінгі таңда әлемдік тәжірибедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең тиімді құралдарының бірі болып табылады, сондай-ақ кез келген ұйымның халықаралық мойындалуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Әбдіхалы Жұманов Сәтбаев Университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басқару жүйесін енгізудің тиімді жақтарын талқылады.

– Біз бір-бірімізге көмектесеміз, – деді Әбдіхалы Нұрғалиұлы жиналғандарға арнап сөйлеген сөзінде. – Ең бастысы, бұл жұмысты жарты жолда қалдырмауымыз керек.

Оны Қанат Сәлімбаев қолдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір шара қолданбас бұрын, оның туу себебін түсіну керек, адамдарды мұндай әрекетке не нәрсе итермелейтінін анықтау қажет екенін атап өтті. Оның себеп-салдарын түсіну сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басқарушыға дұрыс әрекет етуге және сыбайлас жемқорлықпен тиімді түрде күресуге көмектеседі.

Келесі кезекте қатысушылар ISO 37001:2016 стандартының өзін талқылады, бұл стандарт Сәтбаев Университеті мен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің тәжірибесіне енгізілген болатын. Бұл саладағы міндетті талаптарды сақтауға, білім беру жүйесіндегі құжатталған талаптар жүйесін енгізуге, қолдауға, талдауға және жетілдіруге көмектесетін ең пайдалы стандарт екенімен тараптар бірауыздан келісті. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO 37001 стандартын енгізген университет «Құрметті университет» мәртебесіне ие болады.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерге ішкі талдау жүргізудің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджментті енгізудің стандартты ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіретін буклеттер таратылды.

Сәтбаев Университетінде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басқару мәселелеріне арналған университетаралық дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев Университетінде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басқару мәселелеріне арналған университетаралық дөңгелек үстел өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту