Ақпарат:

15 маусым 2023 3913

Сәтбаев Университетінде «Тау-кен өнеркәсібі сәулеті және құрылысқа арналған геобілім» атты халықаралық гибридтік конференция өтуде

Сәтбаев Университетінде «Тау-кен өнеркәсібі сәулеті және құрылысқа арналған геобілім» атты халықаралық гибридтік конференция өтуде

Сәтбаев Университетінде Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты мен Фотограмметрия оқу-жобалау институтының (PHEDCS) бірлесіп ұйымдастыруымен «Тау-кен өнеркәсібінің сәулеті және құрылысқа арналған геобілім» атты халықаралық гибридтік конференция өтуде.

Photogrammetry Education Constructions Institute – құрылыс және сәулет өнеркәсібі үшін геокеңістіктік технологиялар, негізінен фотограмметрия және қашықтықтан зондтау саласы бойынша жаһандық сауаттылық пен инновацияларды ілгерілетуді мақсат ететін белгілі халықаралық ұйым.

Конференцияда заманауи технологиялар саласындағы сарапшылар қысқа қашықтықтағы фотограмметрия, ұшқышсыз ұшу аппараттары, LiDAR және тау-кен өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, сәулет және азаматтық құрылыс үшін тиімді геокеңістіктік технологиялар туралы білімдерін ортаға салды.

Сәтбаев Университетінде «Тау-кен өнеркәсібі сәулеті және құрылысқа арналған геобілім» атты халықаралық гибридтік конференция өтуде

Конференцияға АҚШ, Италия, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Нигерия, ТМД елдері мен көршілес елдердің геокеңістіктік білімге қатысты түрлі салаларының ғалымдары мен кәсіпкерлері жиналды.

Конференцияның пленарлық отырысында геокеңістіктік инженерияның жаһандық дамуының негізгі бағытын айқындайтын инновациялар мен ғылыми әзірлемелерді трансферттеудегі озық шетелдік және отандық тәжірибе туралы талқыланды. Баяндамалар үлкен қызығушылық тудырды. Конференцияның жұмысы әрі қарай ғылыми сессияларға және фотограмметрия мен қашықтықтан зондтауға арналған ISPRS WG V/6 семинарына жалғасты.

Кәсіби және краудсорсингтік геокеңістіктік деректерді азаматтық, сәулеттік және экологиялық инженерияға біріктіру – геодезия, картография және геоинформатиканың перспективалы саласы болып табылады.

Сәтбаев Университетінде өтіп жатқан «Тау-кен өнеркәсібінің сәулеті және құрылыс саласына арналған геобілім» атты халықаралық гибридтік конференция – осы салаларда жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды оқиға болды.

Сәтбаев Университетінде «Тау-кен өнеркәсібі сәулеті және құрылысқа арналған геобілім» атты халықаралық гибридтік конференция өтуде

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту