6 желтоқсан 2022 3330

Сәтбаев университетінде Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев университетінде Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті

2022 жылдың 30 қарашасында Сәтбаев университетінде Тәуелсіздік күніне арналған «Алаш идеясы және ел тәуелсіздігі» тақырыбында студенттік дөңгелек үстел өтті. Осы дөңгелек үстелді ұйымдастырған Қоғамдық пәндер кафедрасы тәуелсіздік пен отансүйгіштік мәселелерін және оның еліміздегі әр адамның жеке өміріндегі мәнін талқылау үшін  қозғалыстың тарихи маңызы туралы пікірталас ашты. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында былай деп жазған еді: «Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды. Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек». Дәл осы ой дөңгелек үстел барысындағы пікірталасқа негіз болды.

Дөңгелек үстелде Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Болат Қабдөшев, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Еркін Ермұханов, және Сәтбаев университетінің оқытушылары: қауымдастырылған профессор Досалы Салқынбек пен Ермахан Қалмырзаев, «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығының 1 курс студенті Лейла Ержанқызы мен «Электр техникасы және автоматтандыру» мамандығының 1 курс студенті Олжас Арғынбай сөз сөйледі. Олар өздерінің Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметіне арналған зерттеулерімен бөлісті және студенттердің сұрақтарына жауап берді. Орын алған қызу пікірталас барысында қатысушылар өз көзқарастарымен және тұжырымдамаларымен бөлісті.

Әсіресе, «Тәуелсіздік тамырлары» атты өзінің жаңа кітабын таныстырған «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары, жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың сөзі ерекше есте қаларлықтай болды.

Кездесу соңында дөңгелек үстелдің модераторы Тұрлыбек Тумабаев іс-шараны қорытындылап, спикерлер мен тыңдаушыларға алғысын білдірді. Университет атынан қонақтарға естелік сыйлықтар тарқатылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту