12 желтоқсан 2019 3868

Сәтбаев университетінде Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті

Сәтбаев университетінде Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті

Ағымдағы жылы 10 желтоқсан күні Сәтбаев университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концертке Алматы қаласы әкімінің Концерттік оркестрі қатысты, оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның халық артисі Мұрат Серкебаев.

Концерттік бағдарламаның репертуарында – Қазақстан және шетел композиторларының шығармалары мен классикалық музыка тыңдалды. Концерт басталмас бұрын Мұрат Серкебаев университет қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. П.И. Чайковскийдің «Вальс цветов» шығармасы концерт шымылдығын ашты.

Алматы қаласы әкімінің Мұрат Серкебаев басқаратын Концерттік оркестрі тек қана Қазақстан емес, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерге де таныс. Ол 1965 жылы құрылған. 1975 жылдан бастап Қазақстанның халық артисі Мұрат Серкебаев оған жетекшілік етіп келеді. Оркестрдің репертуары өте мол, ол қазақтың ұлттық әуендерімен қатар шетелдік композиторлардың да шығармаларын тамаша орындайды.

В Satbayev University состоялся концерт в честь дня Независимости

В Satbayev University состоялся концерт в честь дня Независимости

В Satbayev University состоялся концерт в честь дня Независимости

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту