Сәтбаев университетінде «Таза Қазақстан» қозғалысы аясында «Жасыл энергияның сын-қатерлері» атты дәріс оқылды
Университетте Қазақстан экологиясына, «жасыл» энергияны пайдалануға және әрбір қазақстандық азамат туған еліміздің табиғатын сақтау үшін жасай алатын күнделікті қадамдарына арналған дәріс өтті. Тұрақты даму саласының сарапшылары мен тәжірибешілері Қазақстан экономикасын декарбонизациялаудың және жаңартылатын энергия көздерін енгізудің негізгі аспектілерін талқылады.
Университет студенттері мен оқытушылары «жасыл» сәулет пен энергетиканың Қазақстан экономикасын декарбонизациялаудағы рөлін, көміртегін азайту үшін инновациялық технологиялар ұсынатын артықшылықтар мен мүмкіндіктер туралы талқылады.
Қатысушылар энергия тұтынуды қысқартуға және жаңартылатын энергия көздеріне көшуге, осындай энергия көздерін еліміз өнеркәсібінің барлық салаларына енгізуге қабілетті білікті мамандарды даярлауға бағытталған өзекті стратегиялар мен технологияларды талқылады, бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және климаттың өзгеруімен күресу жолында маңызды қадам болмақ.
«Таза Қазақстан» қозғалысы аясында өткен кездесу тәжірибе мен білім алмасу, сондай-ақ жасыл энергетика мен тұрақты даму саласындағы жаңа идеялар мен бастамаларды қалыптастыру алаңына айналды.