Сәтбаев университетінде технология дәуірінде инклюзивті болашақ қандай болу керектігі туралы талқыланды

Сәуір айында Сәтбаев университетінде «Тұрақты және инклюзивті болашаққа арналған жасанды интеллект» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Осы іс-шараға студенттер, оқытушылар, жетекші сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, солардың арасында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Стивен О’Малли да болды.
Талқылау климаттың өзгеруі, сапалы білімге қол жеткізу, цифрлық теңсіздікті жою және инклюзивті қоғам құру сияқты жаһандық сын-қатерлерді шешуде жасанды интеллекттің әлеуетіне арналды. Жиынды Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев ашып, университеттердің бұл үдерістегі рөлінің маңыздылығына тоқталды:
«Мұндай маңызды шараны өткізу біз үшін үлкен мәртебе, – деді ректор. – Бүгінгі таңда университеттер болашақты қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Білім мен ғылым және инновация арқылы біз барлығымыз үшін жақсы болашақ құра аламыз деп сенеміз».
Сәтбаев университеті академиялық және зерттеу жұмыстарына арналған ортаны белсенді түрде қалыптастырып келеді, әрі тұрақты дамуға бағытталған бастамаларды қолдайды, мұнда технологиялар қоғам игілігі үшін жұмыс істейді. Біз білім беру бағдарламаларына деген тұрақты көзқарасты біріктіреміз, өмірді жақсартуға бағытталған нақты ғылыми жобаларды әзірлейміз және жаһандық ұйымдармен серіктестік қарым-қатынасты сақтаймыз, сөйтіп студенттер мен зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз және әділ, әрі қауіпсіз технологиялық әлем құруға үлес қосамыз.