Ақпарат:

14 қараша 2024 959

Сәтбаев университетінде төртінші өнеркәсіптік революция сын-қатерлеріне арналған форум өз жұмысын аяқтады

Сәтбаев университетінде төртінші өнеркәсіптік революция сын-қатерлеріне арналған форум өз жұмысын аяқтады

Ғылым, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің роботтандыру және жасанды интеллект жағдайында жұмыс істеуге қабілетті инженерлерді даярлау мақсатындағы бірлестігі – Сәтбаев университетінде өткен «Төртінші өнеркәсіптік революцияның Еуразия ғылыми-инженерлік қауымдастығы алдындағы сын-қатерлері» атты халықаралық форумға қатысушылар осындай мүмкіндік алды.

Форумның пленарлық отырысына 22 елден академиялық, ғылыми және іскерлік ортаның жетекші сарапшылары жиналды. Жиынды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаева ашып, университет ұжымын мерейтойымен құттықтады және Қаныш Сәтбаев есімі университет пен тұтас қазақ ғылымы үшін өте маңызды екенін атап өтті:

– Қаныш Сәтбаев – әлемдік деңгейдегі ғалым ғана емес, – деді академик, – ол Қазақстанда ғылыми мектептің іргетасын қалаушылардың бірі. Ғалымның басшылығымен елімізде алғашқы техникалық жоғары оқу орны құрылды, ол алғашқы күндерден бастап-ақ ғылым мен өндірістің ең күрделі мәселелерін шешіп келеді.

Форумның пленарлық отырысында сондай-ақ ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов пен Пекин THT Group-Beijing компаниясының бас директоры Цзюньвэй Хуан және халықаралық инженерлік қауымдастықтың басқа да көрнекті өкілдері сөз сөйледі.

Жиын модераторы – Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев инженер кадрларды даярлау жүйесінің алдында тек студенттерді оқыту ғана емес, өзіміздің алдымызда да уақыт талабына сай тез бейімделу міндеті тұрғанын атап өтті:

– Біз заманауи мәселелерді шешуде пәнаралық көзқарасты ұстануымыз керек, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуды үйренуіміз керек, ал жасанды интеллект пен автоматтандыру бұл жолда бізге көмек береді, – деді Мейрам Бегентаев.

Форумның панельдік сессиялары барысында сарапшылар, мемлекеттік органдар мен трансұлттық компаниялардың басшылары технологиялар трансферті және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру мәселелері; ортақ игілігіміз үшін мемлекет, ғылым мен бизнестің өзара байланысын қалай реттеу керек және ғылымды қоғамда дамыту үшін қандай шаралар қажет екендігі туралы талқылады.

Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық инженерлік академиясының өкілдері, сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялар мен корпорациялардың басшылары белсенді түрде қатысты. Қатысушылар маңызды жобалар, өз ұйымдарындағы жұмыс жайлы жаңалықтарымен бөлісті, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы ғылыми және инженерлік қауымдастықтың алдында тұрған міндеттер және тұрақты даму үшін жаңа технологияларды интеграциялау, ғылым, мемлекет және бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары туралы талқылады.

Форумның панельдік сессияларында технологиялар трансферті және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру, тұрақты даму үшін серіктестік және жас ғалымдардың мансап бойынша өсу жолдарына қолдау көрсету сияқты тақырыптар қаралды. Күн тақырыбында «Made in Satbayev University» ғылыми жетістіктер көрмесі, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті, сондай-ақ Сәтбаев университетінің еңбек сіңірген ғалымдары мен қызметкерлеріне марапаттар табыс етілді.

Форумның қорытындысы бойынша қарар қабылданып, онда инженерлік білім беруді түрлендіру, ғылым мен тәжірибені біріктіру, тұрақты технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Әлемнің 22 елінен келген қатысушылар инженерлік орталықтар мен технопарктерді дамыту, инновацияларды ынталандыру және экологиялық мәселелерді шешу бойынша түскен ұсыныстармен келісті. 2040 жылға дейінгі қабылданған іс-шаралар жоспарында жыл сайынғы конференциялар, стартаптарды қолдау, халықаралық зерттеу желілері мен экологиялық стандарттар қарастырылған. Форум Еуразиядағы ғылыми-инженерлік прогрестің болашағын айқындайтын идеялармен өзара алмасып, күш-жігерді үйлестіру үшін маңызды алаңға айналды.

Сәтбаев университетінде төртінші өнеркәсіптік революция сын-қатерлеріне арналған форум өз жұмысын аяқтады

Сәтбаев университетінде төртінші өнеркәсіптік революция сын-қатерлеріне арналған форум өз жұмысын аяқтады

Сәтбаев университетінде төртінші өнеркәсіптік революция сын-қатерлеріне арналған форум өз жұмысын аяқтады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту