Сәтбаев Университетінде түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған жиын өтті
13 қазан күні Мансап орталығының ұйымдастыруымен директорлар орынбасарларының Сәтбаев Университетінің Әскери іс институтын биылғы жылы запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша сәтті бітірген студенттерімен кездесуі өтті.
Жиынды университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бақыт Жәутіков ашып, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке орналасып, әскери қызметкер ретінде мансап құруға бірегей мүмкіндік бар екенін студенттерге жеткізді.
Кездесуге Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті бастығының орынбасары, полковник Арнұр Мұңалбаев пен Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің кадрлық қамтамасыз ету басқармасының бастығы майор Ислам Исаев қатысты.
Кездесу барысында қонақтар студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді және Әскери іс институтының түлектерін жұмысқа шақырды.