Сәтбаев университетінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Сәтбаев университетінде «Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиынды Жобаларды басқару институтының «Әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы ұйымдастырды, оған оқытушылар, студенттер мен тарихшылар жиналып, ата-бабаларымыздың ерлік істерін есте сақтаудың маңыздылығы туралы талқылады.
Дөңгелек үстел айтулы дата – Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар ержүрек батырларды еске алып қана қоймай, бұл ерлік тұтас тәуелсіз Қазақстан үшін және болашақ ұрпақ үшін өте маңызды екенін жас ұрпақтың есіне салды.
Жиынды Жобаларды басқару институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шындауыл Нұғманов ашып, құттықтау сөз сөйледі, өз сөзінде ол тарихқа және азаматтық жауапкершілік сезіміне құрмет көрсететінін айтты. Дөңгелек үстел барысындағы талқылауды шақырылған қонақтар, оның ішінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Бақдәулет Берлібаев та қолдап, қазақстандықтардың осы Жеңіске қосқан үлесі туралы терең тарихи зерттеулерімен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар ержүрек батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Дөңгелек үстел Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында айтылған тапсырмасының жалғасы іспетті болды. Өз сөзінде ел Президенті қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қайтпас ерлігі мен жанқиярлық еңбегіне арналған зерттеулер мен диалогтың маңызды екендігін атап өткен болатын. Мұндай кездесулер тарихи ерлікті есте сақтауға көмектесіп қана қоймай, жастар арасында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыратынын дөңгелек үстелге қатысушылар ерекше атап өтті.
Сәтбаев университеті өткен мен бүгіннің және болашақтың арасындағы байланысты нығайта отырып, студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуді жалғастырып келеді.