Сәтбаев университетінде Юрий Серебрянскиймен эко-кездесу өтті

Сәтбаев университетінде әлеуметтік оқудың жаңа форматындағы кездесу өтті: студенттер қазақстандық жазушы Юрий Серебрянскийдің экологиялық ертегілерін дауыстап оқып, талқыға салды.
Юрий Серебрянский – қазақстандық поляк текті жазушы және мәдениеттанушы, «Құрмет» орденінің иегері, мамандығы бойынша – химик-эколог. Оның «Алтыншаш» романы әдебиет пен журналистика саласында ұлтаралық және мәдени келісімді нығайтуға бағытталған үздік шығарма ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.
Оның ең танымал еңбектерінің бірі – «Қазақстан ертегілері» жинағы – 2017 жылы өткен «Ұлы Жібек жолы бойында» атты кітап көрмесінде балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік басылым деп танылған еді. Бұл астарлы аңыз-әңгімелер оқырманды Қазақстанның мәдени мұрасымен және салт-дәстүрімен сусындаған сиқырлы да шытырман оқиғаларға жетелейді. Осы ертегілердің авторы кездесуге қуана қатысып, студенттердің сұрақтарына ықыласпен жауап берді.
Іс-шарада CAPS Unlock өңірлік аналитикалық орталығының өкілдері сөз сөйледі, қазіргі уақытта Орталық Азия жастар арасында «Turn it around» байқауы өтіп жатыр: Орталық Азияның климаттық карталары ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік офисі және Аризона университетімен (АҚШ) серіктестікте жүзеге асырылуда. Мадина Нұржанова мен Сауле Каликова студенттерді экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.