Ақпарат:

17 қыркүйек 2025 605

Сәтбаев университетінде Жамиға Орманова атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев университетінде Жамиға Орманова атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев университетінде университеттің ұстазы, Қазақстан инженерлік мектебінің көрнекті өкілі Жәмиға Орманованың құрметіне арналған аудитория ашылды. Салтанатты шараға оның туған-туыстары, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Аудиторияның ашылу салтанатында университет ректоры Мейрам Бегентаев сөз сөйлеп, осы істі жүзеге асыруға атсалысқан барлық жандарға алғыс білдірді:

– Жәмиға Орманова атындағы аудиторияны аша отырып, біз ұрпақтар сабақтастығын жалғастырамыз, әрі өзінің мамандығына деген адалдығымен ерекшеленген ұлы тұлғаны қазіргі студенттерге үлгі етіп көрсетеміз. Осы аудиторияда білім алатын әрбір студент Жәмиға Ормановадан өнеге алып, адамгершілік пен адал еңбекке талпынады деп сенемін, – деді ректор.

Жәмиға Ғалиқызы Орманова – тау-кен инженері, маркшейдер, белгілі жазушы, журналист әрі аудармашы Ғали Ормановтың қызы. Ол өмірінің қырық жылдан астам уақытын Сәтбаев университетіне арнады. 1954 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын аяқтап, осы жерде аспирантураны да тәмамдады, сөйтіп өзі оқыған оқу орнында ұстаздық етуді, шәкірт тәрбиелеуді және ғылыми зерттеумен шұғылдануды өмірлік жолы ретінде таңдады. Ол «Геодезия», «Маркшейдерлік ісі», «Тау-кен жұмыстарының әсерінен жер қыртысының және жер бетінің ығысуы», «Топографиялық және маркшейдерлік сызу» пәндерінің білікті оқытушысы ретінде студенттердің есінде сақталып қалды.

Сонымен қатар Жәмиға Орманова кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына да белсене араласып, Қарағанды көмір бассейні мен Текелі қорғасын-мырыш комбинатындағы жер қыртысының ығысу үдерістерін зерттеді. Оның көпжылдық жұмысының нәтижесі ретінде 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.

Алайда оның ең басты қасиеті – студенттердің бойында ғылым мен мамандыққа деген қызығушылықты оята білуі еді. Оның шәкірттері сүйікті ұстаздарын ешқашан ұмытқан емес, үнемі хал-жағдайын біліп, қонаққа келіп, түлектер кездесулеріне шақырып жүрді. Сондықтан да Жәмиға Ғалиқызы атындағы аудиторияның ашылуы бүкіл университет үшін маңызды оқиға болмақ.

Сәтбаев университетінде Жамиға Орманова атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев университетінде Жамиға Орманова атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев университетінде Жамиға Орманова атындағы аудитория ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту