Ақпарат:

30 маусым 2021 5770

Сәтбаев университетінде жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша семинарлар өтті

Сәтбаев университетінде жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша семинарлар өтті

2021 жылдың 7-19 маусым аралығында Сәтбаев университеті АІ&ML Summer Workshop 2021 жасанды интеллект және машиналық оқыту мәселелері бойынша семинарлардың жазғы сериясы өтті.

Екі  апталық семинарлар циклі Сәтбаев университеті қатысушысы болып табылатын жас ғалымдарды даярлаудың халықаралық орталығын құруға бағытталған ACeSYRI (Erasmus+) халықаралық жобасы аясында өтті. Іс-шара Сәтбаев университетінің (ИКИТ, ACeSYRI жобасының жергілікті үйлестірушісі, "Программалық инженерия" кафедрасының профессоры Мухамедиев Р.И., семинарлар сериясының асситенті және модераторы Абдығалым Баянғали (ACeSYRI жобасының академиялық мәселелер жөніндегі координаторы, магистр Сымагулов Е., докторант Елис М.), ҚР БҒМ ЖТИИ-нің, Халықаралық ақпараттандыру академиясының қатысуымен ұйымдастырылды.

Циклдың бірінші аптасында бірқатар семинарлар аясында тыңдаушыларға Машиналық оқыту негіздері және терең нейрондық желілер курсы ұсынылды. Екінші аптада ғалымдар жасанды интеллект пен машиналық оқытуды практикалық қолданудың әртүрлі аспектілерін және олардың қоғам өміріне әсерін талқылады.

Семинарда шетелдік және қазақстандық ғалымдармен қатар Сәтбаев университетінің ғалымдары мен жас зерттеушілері сөз сөйледі:

  • Машиналық оқыту негіздері, Равиль Мухамедиев
  • БАҚ мониторингі және COVID-19 пандемиясы, Кирилл Якунин
  • Студенттердің жеке нәтижелерін болжау, Әлібек Абдуразаков
  • Түсінікті машиналық оқыту, Марина Елис

Семинарға 57 адам тіркелді. 32 тыңдаушы тестілеуден өтіп, циклдің бірінші аптасында зертханалық жұмыстарды орындауды жалғастыруда.

ACeSYRI Erasmus+

ACeSYRI Erasmus+

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту