Сәтбаев Университетінде "Желдету және ауаны баптау" оқу зертханасы ашылды
Satbayev University Т. К. Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институты және итальяндық Сlivet компаниясы инженерлік жүйелер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім орнатты. Екі компанияның бірлескен жұмысы биыл басталады - университетте "Желдету және ауаны баптау" оқу зертханасы ашылады, оның негізінде зертханалық жұмыстар жүргізіледі. Итальяндық компания тарапынан келісімге Clivet бас директоры Витторио Торрембини қол қойды.
Келісім - шарт аясында Clivet университет студенттеріне заманауи деңгейде желдету және ауаны баптау жүйелері туралы білім алуға, сондай-ақ үй-жайға кіретін және шығатын ауаның параметрлерін зерттеуге, аэродинамикалық есептеулер жүргізуге және үй-жайдағы микроклиматты анықтауға мүмкіндік беретін зертханалық жабдықты тегін ұсынды.
Сонымен қатар зертханада студенттер инженерлік жүйелер мен құрылыстар саласындағы болашақ инженер-құрылысшыларға арналған ережелерден, технологиялардан бастап жүйелік шешімдерге дейін кондиционерлеудің нақты тақырыптарын егжей-тегжейлі қамтитын теориялық және практикалық оқыту бағдарламасын оқиды.
Clivet климаттық техникасы Италияда шығарылады және әлемнің 60-тан астам еліне жеткізіледі. Clivet - тұрғын үй, коммерциялық және өнеркәсіптік нысандарға арналған шешімдердің кең ауқымы бар салқындату және ауа баптау жүйелерін жасаушы және Еуропадағы жетекші өндірушілердің бірі.