27 сәуір 2023 2778

Сәтбаев Университетінде жоғары оқу орындарының арасында өтетін республикалық олимпиада басталды

Сәтбаев Университетінде жоғары оқу орындарының арасында өтетін республикалық олимпиада басталды

Мамыр мерекелері қарсаңында Сәтбаев Университетінде «Тау-кен ісінің негіздері», «Тау жыныстары физикасы» және «Тау-кен өндіру технологиясы» пәндері бойынша республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңі өтті.

Республиканың 12 университеті мен институттарының «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша білім алып жүрген үздік студенттері осы олимпиадаға қатысып, есеп шығарудан өздерінің білімдері мен жетістіктерін сынауға арнайы келді.

Олимпиаданы университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бақыт Жәутіков ашып, сөз кезегін әйгілі Политехтың құрметті ректоры, белгілі тау-кен инженері, академик Баян Рақышевқа берді. Ол олимпиадаға қатысушыларды құттықтап, мамандық таңдауда сәттілік тіледі.

Сондай-ақ студенттер алдында Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының директоры Қанай Рысбеков және «Тау-кен ісі» кафедрасының профессоры Манарбек Сәндібеков құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Политех қонақтары Сәтбаев Университетінде тау-кен ісі қалай оқытылатынын тамашалады және университеттің Минералогиялық мұражайын аралады.

Аздаған үзілістен кейін олимпиада басталды, ол олимпиадалық пәндер бойынша тест сұрақтары мен графикалық жұмыстарды қамтыды. Олимпиаданың қорытындысына профессорлар, университет оқытушылары мен өндіріс өкілдері баға берді.

Олимпиадаға Жезқазған, Екібастұз, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Рудный, Алматы және Қызылорда қалаларынан барлығы 28 студент қатысты. Қатты тартыстың нәтижесінде алты адам жеңімпаз атанды:

1-орын – Ислам Имашев.

2-орын – Анара Итесова және Азат Қаппасов.

3-орын – Шынболат Едіге, Мерген Жазитов, Райымбек Тұрысбеков.

В Satbayev University стартовала республиканская межвузовская олимпиада для будущих инженеров-горняков

Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен грамоталар табыс етілді. Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту