18 наурыз 2021 2961

Сәтбаев Университетінде «ЖОО Үздік оқытушысы-2020» байқауының лауреаттары марапатталды

Сәтбаев Университетінде «ЖОО Үздік оқытушысы-2020» байқауының лауреаттары марапатталды

2021 жылғы 17 наурыз күні Сәтбаев Университетінде «ЖОО Үздік оқытушысы-2020» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.  Еліміздегі 46 ЖОО-нан келген 150 оқытушысы жеңімпаздар атанды, оның ішінде 4 оқытушы – Сәтбаев Университетінде қызмет етеді.

Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының қауымдастырылған профессоры Өмірсерік Байгенженов сыйлықты конкурс лауреаттарының алғашқы ондығына кірген үздік оқытушы ретінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қолынан алды. Ал Ректордың міндетін атқарушы Амандық Тулешовтің қолынан Сәтбаев Университеті қабырғасында құрметті сыйлық алып, марапатқа ие болғандар Ұлантай Нақан, Ырысжан Жақыпбек және Диас Умышев.

Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың онлайн режимінде таратылған құттықтау сөзімен басталды. Асхат Қанатұлы бұл салтанатты іс-шараның көктемгі Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп отырғанын атап өтіп, жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтады және оқытушыларға еңбектері үшін зор ризашылығын білдірді. Оқытушылар еңбектерінің арқасында пандемия және карантиндік шектеулер кезінде жоғары оқу орындарының жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да атап өтті.

«Заманның қиындықтарын біз даму мүмкіндігі ретінде қабылдауымыз керек. Бүгін біздің алдымызда оқытушылардың беделін арттырудың күрделі міндеті мен ел Президенті белгілеген басқа да бірқатар маңызды міндеттер тұр. Байқаудың барлық жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, жұмыста мол табыс және отбасына бақыт, аманшылық тілеймін», – деді Асхат Аймағамбетов.

«ЖОО Үздік оқытушысы» байқауы 2005 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ұйымдастырылды. Конкурс оқытушылардың жоғары біліктілігін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге тиімді және нәтижелі ғылыми жұмыстармен белсенді түрде айналысатын оқытушыларды мадақтауға да бағытталған. Жеңімпаздар «ЖОО Үздік оқытушысы-2020» сертификаты мен медалін алады, сондай-ақ оларға өз біліктілігін арттыруға, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін грант бөлінеді. 2020 жылы грант мөлшері  5 834 000 теңгені құрады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту