Сәтбаев Университетіндегі бос қызмет орындарына конкурс жарияланды
Сәтбаев университеті түлектер тарихы мен мұралар орталығының кураторы және студенттер деканы лауазымды қызмет орындарына конкурс жариялайды.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Студенттер деканы
Студенттер деканы университет студенттерінің өзін-өзі басқару процестеріне жетекшілік етеді және студенттердің бейакадемиялық қызметіне құқықтық-нормативтік қолдау көрсетеді. Бұл қызмет үшін үміткердің магистерлік академиялық дәрежесі, жастармен, әсіресе ЖОО-да студенттермен кем дегенде 3 жыл жұмыс істеген еңбек тәжірибесі болуы керек. Академиялық тәжірибесі жоғары бағаланады.
Түлектер тарихы мен мұралар орталығының кураторы
Түлектер тарихы және мұралар орталығы кураторының міндеттері: университеттің тарихи мұраларын жинау, сақтау және көрсету, университеттің Түлектер клубының (Alumni Club) бастамаларын қолдауды ұйымдастыру, сондай-ақ өткен жылдардағы түлектерді университет жұмысына баулу және тарту. Бұл қызметке мәдениет саласында және/немесе мәдени іс-шараларды ұйымдастыру саласында кем дегенде 5 жыл жұмыс істеген еңбек тәжірибесі талап етіледі. Көрмелерді (вернисаждарды) ұйымдастыру тәжірибесі құпталады.
Сәтбаев Университетінің қызметкерлері болып саналмайтын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады:
- өтініш;
- түйіндеме;
- жоғары білімі туралы дипломдардың, академиялық және ғылыми дәрежелер туралы дипломдардың, ғылыми атағы жөніндегі құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін осы құжаттардың түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (егер олар болса) және салыстыру үшін осы құжаттардың түпнұсқалары;
- үміткерлердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары.
Құжаттарды тапсыру үшін және барлық сұрақтар бойынша Сәтбаев Университетінің Студенттік мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Айгерім Аубакироваға хабарласыңыз.
Электрондық пошта: a.aubakirova@satbayev.university
Телефон: +77029388852