Сәтбаев университетіндегі қайырымдылық аптасы
Қазан айының соңғы аптасында Сәтбаев университетінде көптеген қайырымдылық іс-шаралар өтіп, оны ұйымдастыруға А. Машани атындағы Базалық білім беру институты ұйтқы болды. Әрі оған университеттің студенттік ұйымдары да белсене атсалысты.
Қайырымдылық апталығын өткізу – студенттердің америкалық қызықты мейрам «Хэллоуинді» атап өтуге арнаған ұсыныстары болатын. Осы аталмыш апталық аясында 29 қазан күні қайырымдылық концерті өтті. Сол кеште ән де шырқалды, би биленіп, жыр да оқылды. Әсіресе студенттерден құралған The Fake вокалды-инструментальды ансамблінің өнері көпшілік көңілінен шықты. Ал ұстаздар мен студенттер қауымы қайырымдылық қорын жасақтап, оған арналған жәшікті толтыруға бір кісідей атсалысты.
Қайырымдылық апталығының келесі күні тәтті жәрмеңкеге ұласты. Студенттер беттерін түрлі-түсті қылып бояп, әртүрлі маскалар тағынып, мерекелік көңіл-күй орнатты. Студенттер мен қатысушылар назарына көптеген тәтті-дәмді тағамдар ұсынылды.
Хэллоуин – қорқынышпен қатар қызықты да думанды ойындарға толы кеш. Одан алған әсерді сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Дәл сол күні Бас оқу ғимаратының алды халыққа толы болды. Әрлі-берлі сабылысқан жұрт қызық пен тамашаның куәсі болды. Бұл мереке сонымен бірге әртүрлі жарыстар мен байқауларға, флэшмоб, қызықты ойындар мен студенттердің көңілді биіне ұласты, грим мен мехенди бояулары жасалды.
Аталмыш іс-шараның қызықты өтуіне Сәтбаев университетінің барлық студенттері дерлік толықтай атсалысты. Ал қайырымдылық кешінен түскен барлық қаражат университет қызметкерінің қызы Нұрсеитовой Назеркенің емделуіне жіберіледі. Оның диагнозы ең қауіпті – саркома Юлинга. Кешке қатысушылар кішкентай бүлдіршіннің тезірек емделіп шығуына тілектерін білдіріп, қолдау көрсетті.
Келесі Challenge day деп аталатын қайырымдылық кеші 31 қазан күні өтеді. Келем деушілерге есік ашық. Бір-бірімізден көмегімізді аямайық!