Ақпарат:

12 желтоқсан 2023 3604

Сәтбаев Университетіне әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналып, полимер және композиттік материалдар саласындағы мәселелерді талқылауда

Сәтбаев Университетіне әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналып, полимер және композиттік материалдар саласындағы мәселелерді талқылауда

Сәтбаев Университетінде Махатма Ганди атындағы университетпен бірлесіп ұйымдастырылған полимерлі, композиттік, нанокомпозиттік және биокомпозиттік материалдар жөнінде 2023 жылғы халықаралық конференция өтуде. Бұл іс-шара аты әлемге әйгілі ғалым, қоғамдық-саяси қызметкер, профессор, академик Еренғайып Шайхутдиновтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Конференцияны Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өзінің құттықтау сөзімен ашып, алыс-жақын шетелдерден келген қонақтарға алғыс білдірді:

– Қазіргі уақытта заманауи технологиялық шешімдерде жаңа буынның озық материалдарының қажеттілігі композиттердің, нано- және био-композиттердің дамуына әкелді. Сондықтан композициялық материалдарды жасау ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында маңызды міндет болып табылады, – деп атап өтті ректор өз сөзінде.

Конференция композиттік, нанокомпозиттік, биокомпозиттік және полимерлі материалдарды зерттеу, синтездеу және оларды қолдану мәселелері бойынша пікір алмасу және пікір таластыру алаңына айналды. Академик Еренғайып Шайхутдинов есімі де дәл осы заттарды зерттеу жұмыстарымен тығыз байланысты, өйткені ол бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанда органикалық синтез және полимерлер химиясының ғылыми мектебінің қалыптасуы мен дамуына арнады.

Еренғайып Мәлікұлы университеттің қазіргі заманғы жетістіктерінің негізін де қалады: ол ректор қызметін атқарған кезде Сәтбаев Университеті ұлттық университет мәртебесіне ие болып, Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталды. Еренғайып Мәлікұлының тамаша ұйымдастырушылық таланты, жоғары кәсіби шеберлігі, қоғам дамуына қосқан орасан зор үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалармен атап өтілді: ол «Құрмет», «Парасат» және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, білім және педагогика ғылымындағы ерекше еңбегі үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және т.б. марапатталған.

Бүгінгі таңда Сәтбаев Университеті ғалымның мұрасына тағзым етіп, оны полимерлер, композиттер, нанокомпозиттер және биокомпозиттер жөніндегі конференциямен жалғастыруда, сөйтіп оның жетістіктеріне тағы бір мәрте құрмет көрсетуде. Конференцияға Австрия, Италия, Франция, Ұлыбритания, Румыния, Үндістан, Польша, Катар және ТМД сияқты әртүрлі елдердің ғалымдары жиналды. Профессорлар Томас Сабу мен Сантха Джоши Куннелвели Махатма Ганди университетінің атынан қатысты. Ал профессор Ахмед Абдельхай Ахмед Абдалла – Катардағы Техас A&M университеті атынан қатысты.

Оқылған баяндамалар мен сөйленген сөздердің барлығы композиттік, нанокомпозиттік, биокомпозиттік және полимерлі материалдардың іргелі және қолданбалы бағыттарына арналды.

– Дүние жүзіндегі көптеген ғылыми орталықтарда жаңа буын композициялық материалдарды өндіру бойынша қарқынды зерттеулер жүргізілуде», – деді конференцияны ұйымдастырушы қауымдастырылған профессор Сана Қабдрахманова. – Бұл бағыттың даму перспективалары өте жақсы, әрі ол келешекте жоғары өнімді және инновациялық өндірісті ілгерілетудің маңызды катализаторларының біріне айналады деп күтілуде.

Шынында да, көптеген композиттер адамдардың өмірін түбегейлі өзгерте отырып және жаңа тиімді құрылғыларды жасауға мүмкіндік бере отырып, өздерінің механикалық қасиеттері жағынан дәстүрлі материалдар мен қорытпалардан асып түседі. Сондықтан да «ақылды» композициялық материалдарды әзірлеу – Сәтбаев Университетінің келешектегі зерттеу бағыты болып табылады.

Сәтбаев Университетіне әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналып, полимер және композиттік материалдар саласындағы мәселелерді талқылауда

Сәтбаев Университетіне әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналып, полимер және композиттік материалдар саласындағы мәселелерді талқылауда

Сәтбаев Университетіне әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналып, полимер және композиттік материалдар саласындағы мәселелерді талқылауда

Сәтбаев Университетіне әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналып, полимер және композиттік материалдар саласындағы мәселелерді талқылауда

Сәтбаев Университетіне әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналып, полимер және композиттік материалдар саласындағы мәселелерді талқылауда

Сәтбаев Университетіне әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жиналып, полимер және композиттік материалдар саласындағы мәселелерді талқылауда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту