23 қаңтар 2024 2176

Сәтбаев Университетіне Батыс Англия университетінің аға оқытушысы Dr. Тарик Умар келді

Сәтбаев Университетіне Батыс Англия университетінің аға оқытушысы Dr. Тарик Умар келді

Батыс Англия университетінің аға оқытушысы, доктор Тарик Умар Сәтбаев Университетінде жұмыс сапарымен болды. Доктор Умар университет өкілдерімен кездесіп, студенттер мен оқытушылар үшін «Болашақты ашыңыз: қалалардың тұрақты дамуы» атты эксклюзивті воркшоп өткізді.

Доктор Умар – инженер-құрылысшы, амбассадор STEM, қалалық тұрақтылық және құрылысты басқару тақырыбы бойынша маманданған көрнекті әлемдік сарапшы. Оның семинары қала құрылысын басқарудың заманауи тәсілдеріне арналған, әрі өмір сүру үшін экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрғыда көркейген демалыс орнын құруды мақсат етеді. Сондай-ақ Тарик Умар тұрақты тәжірибелер қалаларды бүкіл әлем бойынша қалай өзгертетіні туралы нақты оқиғаларымен бөлісті.

Сонымен қатар кездесу өтіп, оның барысында екі университет арасында білім және ғылым саласы бойынша сәулет, құрылыс, химиялық инженерия және компьютерлік ғылымдар бағытындағы ынтымақтастық мәселелері туралы талқыланды.

Тарик Умар Сәтбаев Университеті командасымен бірлесіп жүргізіліп отырған жобасы туралы айтып берді.  Бұл жобаға грант British Councils-тің ІnterLinks халықаралық білім беру саласының ғылыми жобаларына арналған шағын гранттары бағдарламасы бойынша алынды. Жоба азаматтық құрылыс, сәулет және BIM-технологиялар, информатиканың жасыл құрылысы салалары бойынша халықаралық білім беру жүйесін құруға бағытталған. Осы жоба аясында құрылыс инженериясы, сәулет, информатика, BIM және жасыл технологиялар салаларында бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылады, сондай-ақ қызметкерлер мен студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары іске қосылып, ғылыми тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми жобалар жүзеге асырылады.

Бұл жобада Сәтбаев Университетінің серіктесі – Батыс Англия университеті (ол сондай-ақ University of the West of England Bristol атауымен де белгілі), бұл мемлекеттік зерттеу университеті Бристольде орналасқан, Ұлыбритания. Университеттердің халықаралық QS рейтингісінде ол 741–750-орын алады, ал Times Higher Education бойынша 501–600-орында.

Сәтбаев Университетіне Батыс Англия университетінің аға оқытушысы Dr. Тарик Умар келді

Сәтбаев Университетіне Батыс Англия университетінің аға оқытушысы Dr. Тарик Умар келді

Сәтбаев Университетіне Батыс Англия университетінің аға оқытушысы Dr. Тарик Умар келді

Сәтбаев Университетіне Батыс Англия университетінің аға оқытушысы Dr. Тарик Умар келді

Сәтбаев Университетіне Батыс Англия университетінің аға оқытушысы Dr. Тарик Умар келді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту