12 маусым 2023 3649

Сәтбаев Университетіне Coursera бас директоры келді

Сәтбаев Университетіне Coursera бас директоры келді

12 маусым күні Сәтбаев Университетінде «Coursera» компаниясының бас директоры Джефф Маджионкалда, APAC аймағындағы клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Бибин Шивас және Сәтбаев Университетінің Ректоры Мейрам Бегентаев кездесті. Бұл кездесуге сондай-ақ Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Раиса Өскенбаева мен оның орынбасарлары қатысты.

Кездесуде Coursera және Satbayev University арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері және университеттің білім беру процесіне Coursera енгізу қорытындылары туралы талқыланды.

«Coursera» - әлемдегі 200-ден астам жетекші университеттер мен білім беру мекемелерінің онлайн курстары мен мамандандыруларын ұсынатын ең ірі халықаралық ашық онлайн білім беру платформасы.

Coursera білім беру платформасында әлемнің 210-нан астам жетекші университеттерінің (Stanford, Columbia, Duke, Yale және т.б.), сондай-ақ өз салаларының көшбасшылары болып табылатын жетекші жаһандық компаниялардың (Google, IBM, Microsoft және т. б.) бірегей виртуалды ортасы бар ең танымал курстар орналастырылған.

Coursera 200 елден келген 123 миллионнан астам оқушыға әртүрлі пәндердің кең ауқымы бойынша 10 мыңнан астам оқыту курстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында платформа әлемдегі ең танымал және ең беделді алаңға айналды.

2022-2023 оқу жылында Satbayev University студенттерінің 450-ден астамы оқудан сәтті өтіп, сертификаттарын алды. Оның ішінде 423 бакалавр және 77 магистрант пен докторант бар.

Кездесу барысында Сәтбаев Университеті ректоры Мейрам Мұхаметрахымұлы қонақтарға Сәтбаев брендінің сыйлықтарын сыйлады.

Satbayev University посетил генеральный директор Coursera

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту