Ақпарат:

9 қыркүйек 2020 6617

Сәтбаев университетіне магистратураға түсу үшін құжатты қалай толтыру керек?

Сәтбаев университетіне магистратураға түсу үшін құжатты қалай толтыру керек?

Құрметті магистранттар! Сәтбаев университеті Сіздерді  магистратураға түсулеріңізбен құттықтайды және университет қатарына тіркеу үшін құжаттарыңызды күтеді.

Құжат тапсырудың соңғы күні – 11 қыркүйек 2020 жыл.

Ол үшін Сіздерге:  

1. kb.satbayev.university сайтына тіркелу керек.  Тіркелуге барлық магистранттар міндетті. Ол Сіздерге Сәтбаев университетінің  электрондық жүйесіне қосылуға мүмкіндік береді. 

2. Мына құжаттардың түпнұсқаларын дайындап тапсыру керек:

  • Сәтбаев университетінің ректоры  Искандер Бейсембетовтың атына магистратураға қабылдау туралы  еркін түрде жазылған өтініш.
  • Талапкер  сауалнамасының басып шығарылған түрі (kb.satbayev.university сайтына тіркелгеннен кейін сауалнама Сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі).  
  • Жоғары білімі бар екендігін растайтын құжат.
  • Жеке куәлік.
  • Еңбек қызметін растайтын құжат және кадрларды тіркеу жөніндегі жеке парақша (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін).
  • 3 х 4 см көлеміндегі  6 фотосурет.
  • 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама.
  • IELTS, TOEFL және басқа да бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны жөніндегі  сертификат көшірмесі (егер де бар болса).
  • Тестілеу үшін төленген ақының түбіртегі.

3. Егер де Сіз Алматы қаласында тұратын болсаңыз, Сізге міндетті түрде:

  • Диплом мен жеке куәліктің көшірмесін жасау керек. Барлық құжаттарды қағаздан жасалған тігінді папкаға жинау керек.
  • Барлық құжаттарды университеттің қабылдау комиссиясына тапсыру керек:  Сәтбаев көшесі,  22, Бас оқу ғимараты , 206-кабинет. Құжаттарды салыстырып болғаннан кейін диплом мен жеке куәліктің түпнұсқасы иесіне қайтарылады.
  • Тіркеу туралы Келісім-шарт пен Келісімге қол қою керек.

Егер де Сіз басқа қалада тұратын болсаңыз, Сізге:

  • Құжаттарды сканерден өткізу керек. kb.satbayev.university сайтына тіркеліп, құжаттардың көшірмесін жүктеу керек.  
  • Сәтбаев университетінің операторымен мына телефондар арқылы байланысып: +7 (701) 306 50 20, +7 (777) 275 88 18, өз ЖСН (ИИН) нөмірін хабарлау керек.
  • Сауалнаманы тексеріп болғаннан кейін оператор магистранттың поштасына  Келісім-шарттың үлгісін, тіркелу үшін Өтініш пен Келісімнің үлгісін жібереді.  
  • Келген құжатты басып шығарып алып, толтырып, тиісті қол қойып, оны қайтадан сканерден өткізіп, мына grad@satbayev.university поштаға жіберу керек.  
  • Құжаттарды тексеріп болғаннан кейін, Сіздің поштаңызға тіркелгеніңізді растайтын құжат келеді.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға: +7 (701) 306 50 20, +7 (777) 275 88 18 немесе  grad@satbayev.university поштасына хабарласу керек.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту