26 наурыз 2019 6774

Сәтбаев университетінің 1-курс студенттерінің докторант-түлектерімен кездесуі

Сәтбаев университетінің 1-курс студенттерінің докторант-түлектерімен кездесуі

2019 ж. 14 наурыз күні «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттермен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу аясында 1-курс студенттері мен қазіргі кезде еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүрген, университетіміздің 2014–2016 жж. түлектері – қазіргі Сәтбаев университеті «Гидрогеология және инженерлік геология» кафедрасының 1-курс докторанттарымен кездесу өтті. Кафедра бойынша студенттермен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін жауапты – Нұргүл Танкиева. Бұл шара Қазақстандағы Жастар жылын және Сәтбаев университетінің 85-жылдығын тойлау аясында ұйымдастырылды.

Мирас Санатбеков, «Мұнай және газ геологиясы» кафедрасының ассистенті, ғылыми жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының қатысушысы, Гент университетінде (Бельгия) баяндама жасаған; студенттерге өз оқытушылық қызметі жөнінде қызықты әңгімелеп берді.

Оның курстасы Тәңірберген Шайыахмет – «Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалының өндірістік-техникалық қызмет бастығы, Ақбақай алтын кен орнының бас геологының орынбасары ретінде өндіріс туралы әңгімеледі. Ол Қазақстан аумағында жерасты кен орындарын игеруде алғаш қолданылған екі ірі жоба – «Геологиялық сынамаларды штрих-кодтау жүйесі» және «GeoSearch» жобаларын енгізу жұмыстарына жетекшілік еткен. 2018 жылы Тәңірберген ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың алдында «Цифрлық кеніш» атты баяндама жасаған.

Медешова Назгүл Геологиялық ғылымдар институтында инженер болып істейді, Халықаралық «UNESCO» конференциясы аясында Қытайда және Қазақстанның «Торғай Петролеум» және «KazMinerals» сияқты ірі компанияларында тәжірибеден өткен. Ол 1-курс студенттері алдында өзінің ғылыми жұмысы туралы әсерлі әңгімелеп берді.

Студенттердің алдында осы оқу орнының түлегі, Сәтбаев университеті ғылым бөлімінің бастығы Айдос Джолдасов студенттер мен жас ғалымдарға арналған ғылыми жобалар жөнінде кеңінен әңгімелеп, оларды ғылым жолында табандылық танытып, белсенді болуға шақырды.

Өзінің қорытынды сөзінде «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі Алмас Үдербаев келген қонақтарға алғыс айтып, Жастар жылында жастарға табыстар тіледі.

Кездесу соңында студенттер қонақтарға өздерін қызықтарын сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды, әрі өздері де көптеген сұрақтарға жауап берді.

Бұл кездесу бірінші курс студенттерінің оқуға деген ынтасын арттырса, өз кезегінде олар докторанттарға қызығушылықпен қарағандай болды.          

Сәтбаев университетінің 1-курс студенттерінің докторант-түлектерімен кездесуі

Встреча первокурсников с докторантами-выпускниками нашего университета

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту