11 желтоқсан 2020 7242

Сәтбаев Университетінің 2020 жылғы 14 желтоқсаннан бастап жұмыс тәртібі туралы Ректор хабарламасы

Сәтбаев Университетінің  2020 жылғы 14 желтоқсаннан бастап жұмыс тәртібі туралы Ректор хабарламасы
Ректор Satbayev University Искандер Бейсембетов

Құрметті қызметкерлер мен студенттер!

Алматы қаласында COVID-19 індеті таралуының алдын алу шараларын күшейту мақсатында Сәтбаев Университеті 2020 жылғы 14 желтоқсаннан бастап мынадай тәртіп жариялайды:

1. Қызметкерлердің 60%-ына қашықтықтан жұмыс жасау режимін қатаң түрде сақтай отырып, төмендегі нормаларды ұстану:

профессор-оқытушылар құрамы – 100% қашықтықтан;
басқа қызметкерлер жетекші тұлға бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес – 30% қашықтықтан.

2. Университеттің барлық ғимараттарына бөтен адамның кіруіне тыйым салу.

3. Жұмыс орнында отырған қызметкерлер үшін жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін етіп, түскі үзіліс уақытын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін белгілеу.

Университет төңірегінде жүрген барлық қызметкерлердің бетпердені дұрыс тағып жүруі қатаң түрде қамтамасыз етілсін!

Сіздерге зор денсаулық, оқуда және еңбекте сәттілік тілейміз!

Игі құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту