Ақпарат:

29 қаңтар 2021 6846

Сәтбаев Университетінің 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап жұмыс тәртібі туралы Ректор хабарламасы

Сәтбаев Университетінің 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап жұмыс тәртібі туралы Ректор хабарламасы
Ректор Satbayev University Искандер Бейсембетов

Құрметті қызметкерлер мен студенттер!

 

Алматы қаласында COVID-19  індетінің таралуының алдын алу шараларын күшейту мақсатына байланысты Сәтбаев Университеті 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап бекітеді:

 

1. Университет қызметкерлерінің 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс жасау режимін төменде көрсетілген  нормаларды ұстана отырып, қатаң түрде сақтау:

 

• профессорлы-оқытушылар құрамның 90%-ы қашықтықтан жұмыс жасайды;

 

• басқа қызметкерлердің 65-70%-ы қашықтықтан, жауапты тұлға бекіткен жұмыс күн тәртібіне сәйкес жұмыс істейді.

 

2. 2021 жылғы 1 ақпаннан 1 сәуірге дейін қызметкерлерді іс-сапарларға жіберуге тыйым салынады.

 

3. Университет нысандарының барлығына бөтен адамдардың келуіне тыйым салынады.

 

4. Жұмыс орнында отырған қызметкерлер үшін қысқартылған жұмыс уақыты, яғни сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін және түскі ас үзілісі 13.00-ден 14.00-ге дейін етіп енгізіледі.

 

Университет аумағында жүрген барлық қызметкерлер бетпердені дұрыс тағып (бетперде ауыз бен мұрынды жауып тұруы керек!), сонымен қатар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтаулары тиіс!

 

Сіздерге зор денсаулық тілеймін! Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

 

Игі құрметпен,

Сәтбаев Университетінің Ректоры

Искандер Бейсембетов

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту