15 желтоқсан 2022 3393

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты «Геотактика» кешенінің мүмкіндіктерін көрсетті

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты «Геотактика» кешенінің мүмкіндіктерін көрсетті

Үстіміздегі жылы 14 желтоқсан күні Әскери іс институтында жоғары сынып оқушылары мен студенттерді «Геотактика» әскери бағдарламалық кешенімен таныстыру рәсімі өтті. Аталмыш іс-шара ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылды. Алматы қаласы Бостандық ауданының жалпы білім беретін мектептерінен 10-сыныптың 1000 оқушысы Сәтбаев Университетіне келіп, әскери кафедрамен танысты және «Геотактика» бағдарламасының мүмкіндіктерін дәріптеуге арналған фильмнің тұсаукесеріне қатысты.  

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты «Геотактика» кешенінің мүмкіндіктерін көрсетті

«Геотактика» – виртуалды «аймақта» соғыс ойындарын жасауға және өткізуге арналған бағдарламалық кешен. Бағдарламаның бірнеше нұсқалары бар – артиллеристер үшін, топографиялық жоспарлармен және карталармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту немесе тактикалық жаттығуларды өткізу мақсатында жаяу әскерлер үшін. Бағдарлама оптикалық аспаптарды пайдалануға, топографиялық-геодезиялық анықтамаларды жүргізуге, сондай-ақ артиллериялық барлау және артиллериялық атыстарды түзетуді басқару дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді.

Шындықпен толықтырылған ойындар өткізу – IT-индустрия саласының соңғы жаңалығы болып қала береді, ал «Геотактика» әрқашан да әскери кафедралар мен студенттердің қызығушылығын тудырады. Бағдарлама кеңседе отырып осы дағдыларды меңгеріп қана қоймай, мобильді интернеттің көмегі арқылы белгілі бір алаңда ойын ұйымдастыруға да мүмкіндік береді. Бағдарлама ойын оқиғаларын бақылап, ойыншыларға тапсырма береді, олардың іс-әрекеттеріне баға береді. Ал бағдарламаға арналған әртүрлі кітаптар жиыны ұрыс кезінде орын алатын барлық жағдайды имитациялауға мүмкіндік береді.

Соңғы бағдарламалық жүйелерді пайдалану Сәтбаев Университетінің әскери кафедрасының мүмкіндіктерін арттырып, жастарға негізгі инженер мамандығымен қатар әскери мамандық та алып шығуға мүмкіндік береді. Өйткені бұл – Политех!

Сәтбаев Университетінің Әскери іс институты «Геотактика» кешенінің мүмкіндіктерін көрсетті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту