Сәтбаев университетінің Әскери іс институтында артиллеристтерді даярлауда «Геотактика» бағдарламасын қолдану жөнінде семинар өтті

Сәтбаев университетінің Әскери іс институтында жас артиллеристтерді даярлауда «Геотактика» виртуалды ұрыс бағдарламасын пайдалануға арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Оған ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Әскери институтының оқытушылары, Әскери іс институтының өкілдері, сондай-ақ «Финист» компаниясының бағдарлама әзірлеушілері қатысты.
«Геотактика» – виртуалды ортада барлау дағдыларын, артиллериялық атыстарды, топографиялық жоспарлармен және карталармен жұмыс істеуді немесе тактикалық жаттығуларды өткізуге арналған көп ойыншылар тренажеры. Ол әскери мамандарды даярлау сапасын арттыра отырып, әртүрлі соғыс жағдайларын имитациялауға мүмкіндік береді, әрі Сәтбаев университетінде кеңінен қолданылады.
Әскери іс институтының оқытушылары әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісіп, «Геотактика» болашақ офицерлерге оқу пәндерін меңгеруіне, оқу үдерісін цифрландыруға және курсанттарды оқыту курстарына инновациялық технологияларды енгізуге қалай көмектесетіні туралы әңгімеледі. Сонымен қатар бағдарламаны практикалық қолдану, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен атыс тапсырмаларын орындау, артиллериялық зеңбіректерді көздеу және кіріктірілген артиллериялық анықтамалықты пайдалану бойынша баяндамалар талқыланды.
Талқылаудан кейін қатысушылар практикалық сабақ өткізді, онда олар жауынгерлік тапсырмаларды имитациялай отырып, бағдарламаны іс жүзінде сынақтан өткізді. Семинар қорытындысы бойынша сарапшылар «Геотактика» оқу үрдісін көрнекі етеді, әскери техниканың мотор ресурстарын үнемдеуге көмектеседі және курсанттардың цифрлық сауаттылығын арттырады деген пікірге келді. Сондай-ақ бағдарламаны одан әрі жетілдіру, оны заманауи жауынгерлік жағдайларға бейімдеу үшін әзірлеушілермен одан әрі ынтымақтастық қарым-қатынас жасау қажеттігін де атап өтті.