Ақпарат:

29 маусым 2022 7510

Сәтбаев Университетінің әскери кафедрасында оқу конкурсына өтініш қабылдау басталды 

Сәтбаев Университетінің әскери кафедрасында оқу конкурсына өтініш қабылдау басталды 

2022 жылғы шілденің 4-нен 15-не дейін Сәтбаев Университетінің Әскери істер институтында (әскери кафедра) запастағы офицерлер мен сержанттар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін студенттер-кандидаттарды конкурстық негізде іріктеу жүргізіледі.

Өтініш берген және медициналық куәландыру карталарын тапсырған студенттер кәсіби-психологиялық тест тапсыру және дене даярлығын тексеруден өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 292-43-02, 292-03-28 телефондарына хабарласуға болады.

 

1) Кәсіби-психологиялық тест тапсыру

Мекенжайы: Алматы қ., Байтұрсынов к., 140, әскери кафедра ғимараты.

Кәсіби-психологиялық тест тапсырудан өткен кандидаттар келесі кезең – дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберіледі.

 

2) Дене даярлығын тексеру

Мекенжайы: Алматы қ., Пятницкий к-сі, 100 (кіру Саин к-сі жағынан, блок-3), Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық «ЖАС ҰЛАН» мектебінің стадионы.

 

Конкурстан өту талаптары:

  1. Конкурстың әрбір кезеңі таңертең сағ. 8:00-де басталады.
  2. Өзімен бірге жеке куәлік және студенттің ID картасы болу керек.
  3. Физикалық дайындығы жөнінде норматив тапсыру үшін өзімен бірге спорт формасы мен арнайы аяқ киімі болу керек.

Студент конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет қана өтеді, қайтадан тапсыруға рұқсат етілмейді.

Конкурс кезеңдерінің нәтижелерімен келіспеген студент, сол күні жазбаша хатпен (еркін түрде) іріктеу комиссиясының төрағасына жолығады.

 

2022 жылы студенттердің кәсіби-психологиялық тест тапсыру және
дене даярлығын тексеруді өткізу жөніндегі

КЕСТЕСІ

Институт (универитет) атауы

Тест өткізудің күні, айы

Дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсырудың күні, айы

1.

Сәулет және құрылыс институты

 04.07. 2022

 05.07. 2022

2.

Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

05.07. 2022

06.07. 2022

06.07. 2022

07.07. 2022

3.

Қазақ инженерлік-технологиялық университеті

06.07. 2022

07.07. 2022

4.

Геология және мұнай газ ісі институты

07.07. 2022

08.07. 2022

5.

Жобаларды басқару институты

07.07. 2022

08.07. 2022

6.

Алматы энергетика және байланыс университеті

 

08.07. 2022

09.07. 2022

09.07. 2022

11.07. 2022

11.07. 2022

12.07. 2022

7.

Энергетика және машина жасау институты

12.07. 2022

13.07. 2022

8.

Тау-кен металлургия институты

13.07. 2022

14.07. 2022

9.

Қазақ-Британ техникалық университеті

14.07. 2022

15.07. 2022

 

ДЕНЕ ДАЯРЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ НОРМАТИВТЕР

Жігіттер

 

Бақылау жаттығулары

Баға

«5»

«4»

«3»

1.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3.

Биік белдемеге тартылу (саны)

12

10

8

Қыздар

 

Бақылау жаттығулары

Баға

«5»

«4»

«3»

1.

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

2000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3.

Арқада жатып, қолы басының артына қойып, денесін көтеру (саны)

25

20

15

Дене даярлығы бойынша әрбір норматив жекеше бағаланады. Дене даярлығы бойынша жалпы балл саны үш жаттығу бойынша бағаны есептеу арқылы шығарылады. Жалпы балл санын есептегенде «қанағаттанарлықсыз» бағасы нөль балл болып есептеледі.

Кандидат конкурстық іріктеуге әрі қарай қатысуы үшін, дене даярлығы бойынша кемінде 8-ден кем емес жалпы балл алуы тиіс.

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ

Психологиялық тестілеу Сіздің моральдық және іскерлік қасиеттеріңіз әскери мамандыққа сәйкестік дәрежесін анықтауға бағытталған. Тестілеу компьютер арқылы өтеді. Ұзақтығы 60 минуттан аспайды.

Тестілеуге қойылатын талаптар:

1. Тест тапсыратын аудиторияға мобильдік телефон, қалам, қарындаш алып кіруге рұқсат етілмейді.

2. Тест тапсыруға жауапты адамның түсіндірмелерін мұқият тыңдап алыңыз. Тест тапсыру барысында сұрақ қоюға тыйым салынады

3. Егер де тест тапсыру кезінде Сіздің денсаулық жағдайыңыз нашар болса, емтихан қабылдаушыға бұл туралы күнібұрын айтыңыз.

4. Тест тапсыру үшін өзіңізге ыңғайлы тіл таңдаңыз – қазақ немесе орыс тілі. Ведомость парақшасына осыған сәйкес белгі қойыңыз.

5. Өзіңіз туралы жеке мәліметтерді ұқыптап толтырыңыз.

6. Нұсқаулықты мұқият оқып, толық түсінгеннен кейін ғана сұрақтарға жауап беріңіз.

7. Өте мұқият болыңыз, өйткені келесі әр сатыға ауысқан сайын, алдыңғы сатыға қайтып келуге мүмкіндік болмайды.

8. Барынша шынайы жауап беріңіз, есіңізге түскен жауапты бірден айтыңыз.

9. «Жақсы» немесе «нашар» деген жауап болмайтынын есте ұстаңыз.

10. Тестілеу кезінде дәрісханадан шығуға, басқамен сөйлесуге, мәтінді дауыстап оқуға және түсіндіруге, ұялы телефонды және басқа да байланыс құралдарын пайдалануға, көршілес компьютердің экранына қарауға тыйым салынады.

11. Компьютердің экранында «Қорытындыларды сақтау» деген кесте пайда болған кезде Сіз қолыңызды көтеріп, Сізге психологиялық тестілеуді өткізуге жауапты адам келгенше күтесіз, ол келіп қорытындыларды сақтайды.

Егер де психологиялық тестілеуді өткізуге жауапты адам басқа да түсушілердің қасында болса, ол босағанша күте тұрыңыз. Бұл ретте компьютерде қандай да бір іс-әрекеттер жасауға (өз бетінше тестілеу қорытындысын ашуға, диалогтық терезені жабуға, компьютерді сөндіруге және т.б.) тыйым салынады.

12. Тестілеу нәтижесімен танысқаннан кейін, Сіз және бақылаушылар қатарының өкілі ведомость қ парақшасына қол қоюларыңыз қажет.

Тестілеудің «Ұсынылмаған» деген нәтижесі Сіздің іріктеудің аталған кезеңінен өтпегеніңізді және келесі кезеңге өтпейтініңізді білдіреді. Егер де Сіз оң нәтиже алған жағдайда (бірінші кезекте ұсынылған – 100 балл, екінші кезекте ұсынылған – 75 балл, ұсынылған – 50 балл) Сіз іріктеудің аталған кезеңінен өткеніңізді білдіреді.

Компьютерлік психологиялық тестілеудің нәтижелері апелляцияға жатпайды және оған түсініктеме берілмейді, себебі ол талапкердің жеке мінездемелерін сипаттайды.

 

КОНКУРС НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ

Қабылдау кезеңі

Дайындық деңгейі

Бағалар, балл

Салмақтық коэффициент

1.

Кәсіби-психологиялық тестілеу (Т)

1-ші (1) кезекте ұсынылған

100

0,35

2-ші (2) кезекте ұсынылған

75

(3) ұсынылған

50

2.

Дене даярлығы  (Д)

14-15*

100

0,30

11-13*

75

8-10*

50

3.

Сабақ үлгерімінің орташа көрсеткіштері GPA (О)

3,34-4,00

100

0,35

2,34-3,33

75

1,34-2,33

50

4.

Колледж бітіргендер үшін сабақ үлгерімінің орташа көрсеткіштері GPA (О)

4,5-5,0**

100

0,35

4,0-4,4**

75

3,0-3,9**

50

 

Емтихан кестесі 2024

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту