Ақпарат:

31 қаңтар 2025 2159

Сәтбаев университетінің атынан қатысатын эковолотерлар пулын құру туралы шешім қабылдады

Сәтбаев университетінің атынан қатысатын эковолотерлар пулын құру туралы шешім қабылдады

Сәтбаев университетінде Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жобалық кеңсесі мен «SU Volunteers» волонтерлік қозғалысының ұйымдастыруымен белгілі экобелсенді Евгений Мұхамеджанов дәріс оқыды.

Евгений Мұхамеджанов бүгінгі таңда Қазақстан тап болып отырған негізгі экологиялық қиындықтар туралы айтып, жаһандық және жергілікті деңгейде жүзеге асырылып жатқан табысты бастамалардың мысалдарымен бөлісті. Сондай-ақ көптеген компаниялар қазірдің өзінде тұрақты тәжірибелерді белсенді түрде енгізіп жатқанын, ал бұл ретте волонтерлер экологиялық шешімдерді ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын да атап өтті.

Дәріс барысында әсіресе еріктілердің мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар экологиялық жобалар бизнесте, үкіметтік емес ұйымдарда немесе халықаралық ұйымдарда мансап жолын бастауға қалай көмектесетінін біліп шықты. Евгений Мұхамеджанов бизнес пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалар арасында волонтерлер дәнекер бола алатыны туралы айта келіп, волонтерлік қызмет әсіресе тағылымдамадан өтуге, халықаралық бағдарламаларға, тіпті қос дипломды білім алуға да мүмкіндік беретінін баса айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша экологиялық бастамаларға Сәтбаев университеті атынан қатысатын эковолонтерлер пулын құру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім тұрақты тәжірибені дамытуға және жастарды экологиялық мәселелерді шешу жолына тартуға жасалған маңызды қадам болмақ.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту