Сәтбаев университетінің бірінші курс студенттеріне қабылдау процесі
Бірінші қадам
Грант иегері болсаң Egov.kz порталына тіркел.
(Білім→ Жоғары білім→ ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау)
Ақылы бөлімге түсуші болсаң, Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы қабылдайды!
Екінші қадам
kb.satbayev.university порталына тіркел.
(бастапқы толтыру→ ЖСН, электрондық пошта деректерін енгізіңіз → электрондық поштадағы кодты алыңыз → логин мен парольді алыңыз (оны міндетті түрде есте сақтау керек!) →негізгі деректерді толтыр)
Үшінші қадам
Құжаттардың түпнұсқаларын қабылдау комиссиясының техникалық хатшысына көрсет:
- Қосымшасы бар Аттестат (1 көшірме);
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 фото (6 дана);
- Мемлекеттік білім грантын тағайындау туралы куәлік;
- ФГ суреті бар №063 және №075 нысандары бойынша медициналық анықтамалар (2 көшірме);
- Жеке куәлік (3 көшірме);
- Жігіттер үшін тіркеу куәлігі (2 көшірме).
Төртінші қадам
Өтінішті, міндеттемені, келісімді толтыр және Шартқа қол қой!
(егер 18 жасқа толмаған болса, онда ата-ананың/заңды өкілдің болуы міндетті!)
Бесінші қадам
kb.satbayev.university порталында мәртебеңізді тексеріңіз
(сауалнама жіберілді→ оператор тексерді → оқуға қабылданды → студент)
Алтыншы қадам
Сіз қазірдің өзінде студентсіз! sso.satbayev.university білім беру порталы
(логин= ЖСН→ құпиясөз = (есіңде сақтадың) → менің эдвайзерім; Жеке оқу жоспары; кесте)