Ақпарат:

21 ақпан 2019 4552

Сәтбаев Университетінің докторанттары IEWT 2019 конференциясына қатысты

Сәтбаев Университетінің докторанттары  IEWT 2019 конференциясына қатысты

«Энергетика» кафедрасы мен Брауншвейг техникалық университетінің (Германия) Халықаралық ынтымақтастығы аясында «Электр энергетикасы» мамандығының докторанты Минажова Сәулеш Аманбайқызы 2019 жылдың қаңтар айында Elenia зерттеу орталығында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тәжірибе барысында Сәулеш Минажова жаңартылатын энергия көздері мен реактивті электр қуатын басқаруды енгізу мүмкіндігі бар электр желілерін модельдеу үшін Power Factory DigSilent бағдарламалық жасақтамасын оқыды. Докторанттар Минажова Сәулеш Аманбайқызы мен Малдыбаева Толқын Сыдыққызы өз зерттеу жұмыстарының қорытындыларын профессор Дюсембекова Нәсіпкүл Қасжанқызының жетекшілігімен IEWT 2019 Халықаралық энергетикалық конференциясында баяндады. Халықаралық конференция «Еркіндік, теңдік, демократия: энергетикалық нарықтарға жақсы немесе хаос?» атты ұранмен 2019 жылдың ақпан айында Вена қаласында (Австрия) өткен болатын.

Докторанттардың баяндама тақырыптары энергетика саласына бағытталып, «Қазақстанның мұнай өндіруші кәсіпорнында 110/6кВ тарату желісінің энергия тиімділігін талдау» және «Өндірістік кешенде энергияны реактивті басқару тиімділігін арттыру» деп аталды. Конференция барысында докторанттар Austrian Power Grid, Wien Energy, EVN Group, World Sustainable Energy Institute сияқты австриялық ірі энергетикалық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар докторанттарымыз Wien Energy бірегей техно-орталығына барып, жаңартылатын энергия көздерінің инновациялық стендтерін зерттеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту