25 желтоқсан 2020 3417

Сәтбаев университетінің докторанты Литвада ғылыми тағылымдамадан өтуге грант женіп алды

Сәтбаев университетінің докторанты Литвада ғылыми тағылымдамадан өтуге грант женіп алды

Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының, «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының 2 курс докторанты Төлегенова Айгерім 2021 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтуге Литва Республикасының Мемлекеттік грантын жеңіп алды.

Докторант Төлегенова Айгерімнің шетелдік жетекшісі профессор Гинтаутас Скрипкиунас, Гедимин атындағы Вильнюс техникалық университетінің, Құрылыс материалдары институтының жетекші ғылыми қызметкері болып табылады. Тағылымдамадан өту кезінде докторант диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша зерттеулер мен эксперименттер жүргізеді.

Бағдарлама Литва жоғары оқу орындарында магистранттар мен докторанттарды қысқа мерзімді оқытуға (1-2 семестр) 30 грант ұсынады. Литвада қысқа мерзімді оқу гранты жоғары оқу орнының студенттері болып табылатын үміткерлерге беріледі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту