Сәтбаев университетінің докторанты Төлегенова Әйгерім Вильнюс техникалық университетінде тағылымдамадан өтті
Сәтбаев университетінің Т.Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының «Құрылыс және құрылыс материалдары мен құрылымдары өндірісі» білім беру бағдарламасының докторанты Төлегенова Әйгерім ағымдағы жылдың 23 қазан мен 26 қараша аралығында Гедимин атындағы Вильнюс техникалық университетінде шетелдік ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өтті.
Бұл тағылымдама Әйгерім ұтып алған ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтуге арналған Литва Республикасының Үкіметтік грантының арқасында мүмкін болды. Тағылымдама барысында докторант келесі зерттеулерді игерді: цементті гидратациялау, бетондағы цемент тасын структуралық қалыптастыру және қатаю процестеріне кешенді қоспалардың әсер ету механизмі; кешенді қоспалармен модификацияланған бетонның қатаю кинетикасын талдау; композиттік материалдардың аязға төзімділігі мен кеуектілігін анықтау әдістері қаралды.
Ғылыми тағылымдама докторант пен шетелдік ғылыми жетекшісі Құрылыс материалдары институтының профессоры Гинтаутас Скрипкиунаспен тығыз жұмыс жасау нәтижесімен өтті. Әйгерім ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп қана қоймай, докторлық диссертация тақырыптарына қатысты мәселелерді талқылап, Литва университетінде зерттеу нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ оқытушылардан зерттеулер жүргізу бойынша құнды кеңестер алды. Сонымен қатар Әйгерім университет кітапханасында және ғылыми зерттеу зертханасында жұмыс жүргізді. 2022 жылдың көктемінде Әйгерім оқуын шетелде жалғастыратын болады.
Әйгерім Төлегенова Гедимин атындағы Вильнюс техникалық университеті мен Satbayev University басшылығы мен ұжымына осындай мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.