Сәтбаев Университетінің «Физика-техникалық институты» мен Ұлттық сейсмология орталығы жер сілкінісі мониторингін жетілдіру мақсатында өзара меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сейсмологиялық мониторинг пен жер сілкінісін болжауды жетілдіру жөнінде қойған міндеттерін іске асыру аясында Сәтбаев Университетінің «Физика-техникалық институты» және «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» сейсмикалық белсенді аймақтардағы жер қыртысының кішігірім деформацияларын жоғары сезімталдықпен лазерлік бақылау әдісін әзірлеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының» сейсмологиялық сынақ алаңдарын «Физико-техникалық институтта» шығарылған сезімталдығы жоғары өлшеуіш құралдармен жабдықтау жоспарланып отыр.
Басқа геофизикалық әдістермен бірлесіп жүргізетін кешенді зерттеулер аймақтық жер сілкіністерін дайындаумен байланысты орын алатын деформациялық тербелістердің ерекшеліктерін анықтауға және олардың қысқа мерзімді болжамының ықтималдығын арттыруға мүмкіндік береді.