Ақпарат:

16 қазан 2025 139

Сәтбаев Университетінің ғалымдары Түркістандағы XI Халықаралық Түркологиялық конгрессте өз зерттеулерін таныстырды

Сәтбаев Университетінің ғалымдары Түркістандағы XI Халықаралық Түркологиялық конгрессте өз зерттеулерін таныстырды

Сәтбаев Университеті Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ғалымдары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи университетңнде өткен XI Халықаралық түркологиялық конгреске қатысты. Олар тіл, әдебиет, мәдениет, тарих, түркі тілдерін оқыту және заманауи әлеуметтік үрдістер секциялары бойынша өз зерттеулерін ұсынды.

Екі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын конгрестің негізгі тақырыбы «Түркология және Түркі әлемі» болды. Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай, Башқұртстан, Татарстан, Қарақалпақстан және басқа да елдерден 500-ге жуық ғалым онлайн және офлайн форматтарда қатысты.

Конгресс барысында «Түркі тілі мен әдебиеті», «Түркі мәдениеті мен өнері», «Түркі тарихы және әлеуметтік-мәдени құрылымдар», «Түркі әлемі және халықаралық қатынастар», «Түркі тілдерін оқыту және тіл саясаты», «Түркі әлеміндегі заманауи әлеуметтік-саяси және экономикалық даму» бағыттары бойынша 24 секциялық отырыс өтті. Шетелдік және отандық түрколог ғалымдар өз еңбектерін ұсынып, түркология мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Университетіміздің ғалымдарының XI Халықаралық түркологиялық конгреске қатысуы академиялық байланыстарды нығайту мен түркологиялық зерттеулерді дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Мұндай халықаралық алаңдар ғылыми тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестік бағыттарын ашуға және қазақстандық зерттеушілердің түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы үлесін айқындауға ықпал етеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту