Ақпарат:

7 сәуір 2022 3198

Сәтбаев университетінің ғалымдары «Заманауи урбанизация мәселелері: сабақтастық және жаңашылдық» атты конференцияда баяндама жасады

Сәтбаев университетінің ғалымдары «Заманауи урбанизация мәселелері: сабақтастық және жаңашылдық» атты конференцияда баяндама жасады

2022 жылдың 22-23 наурызында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің география факультетінің ұйымдастыруымен Сәтбаев университетінің, Ресей сәулет және құрылыс саласының ғылым академиясының және Орыс географиялық қоғамының қатысуымен «Қазіргі заманғы урбанизация мәселелері: сабақтастық және инновациялар» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция РААСН академигі, профессор Е.Н. Перцикті еске алуға арналған Геоурбанистік оқуларға орайластырылды

Ғылыми конференцияда заманауи урбанизация проблемалары бойынша ең өзекті ғылыми әзірлемелер, қала құрылысы тәжірибесіне қала құрылысын жобалаудың инновациялық әдістерін енгізудің перспективалық бағыттары талқыланды. Қалалар мен елді мекендердің қала құрылысы жоспарларын әзірлеу кезінде алынған нәтижелерді есепке алу адам қызметінің және табиғи ортаның біртұтас кеңістігі ретінде қауіпсіз ортаны қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді.

Конференцияға Сәтбаев университетінің оқытушылары – профессор Абилов Алексей «Қазіргі Қазақстандағы аумақтық жоспарлаудың кейбір мәселелері туралы: заманауи қала құрылысы» тақырыбында, аға оқытушылар Яскевич Владимир мен Ходжиков Антон «Ақпараттық модельдеу және географиялық ақпараттық жүйелер» атты баяндамаларымен қатысты. Баяндамалар конференцияның басқа қатысушылары атап өткен өзекті мәселелермен үндес, сондай-ақ қарастырылып жатқан мәселелердің жаңа қырларын аша отырып, үлкен қызығушылық тудырды. Баяндамалар негізінде мақалалар конференция жинағында жарияланады.

Конференция бағдарламасы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту