Ақпарат:

17 желтоқсан 2024 627

Сәтбаев университетінің ғалымы құбырларды коррозиядан инновациялық қорғау саласы бойынша жасаған ғылыми жобасымен таныстырды

Сәтбаев университетінің ғалымы құбырларды коррозиядан инновациялық қорғау саласы бойынша жасаған ғылыми жобасымен таныстырды

Біздің еліміз – энергетикалық шикізатты экспорттаушы ірі елдердің бірі және халықаралық мұнай-газ қауымдастықтарының белсенді қатысушысы болып табылады. Тұрақты даму стратегиясы аясында еліміз магистральды құбырлардың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған ішкі жобаларды белсенді түрде дамытып келеді.

Осы міндетті шешу үшін Сәтбаев университеті «Экотэк Инжиниринг» жеке серіктесімен бірлесе отырып, оқшаулағыш жабынды әзірледі. Бұл туралы «Қазақстан Республикасында радиациялық-модификацияланған терможиырылғыш материалдар өндірісі» атты семинарда Insultech компаниясының директоры, «Мұнай инженериясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айгүл Бакешева баяндап берді.

Радиациялық модификация – бұл полимерлік материалдардың қасиеттерін айтарлықтай жақсартатын бірегей тамаша технология. Осы технология негізінде жасалған басқа да өнімдер өздерінің жоғары термотөзімділік, беріктік, химиялық тұрақтылық және коррозиядан сенімді түрде қорғайтын қасиеттерінің арқасында әртүрлі салаларда кеңінен қолданылады. Олар әсіресе мұнай-газ, химия өнеркәсібінде, құрылыста және коммуналдық шаруашылықта жоғары сұранысқа ие болып отыр.

«Терможиырылғыш манжет – біздің өнімнің негізгі элементі. Ол магистральды құбырлардың дәнекерленген жіктерін коррозиядан қорғауға арналған», – деп атап өтті Айгүл Бакешева.

Сәтбаев университетінде әзірлеген инновациялық терможиырылғыш манжеттер өндірісті индустриялық жаңғырту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Олар құбырларды пайдалану үшін кететін шығындарды азайтады, олардың қызмет ету мерзімін ұзартады және экологиялық әрі экономикалық қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.

Мұнай-газ өнеркәсібі – ел экономикасының жетекші салаларының бірі. Ал құбырларды коррозиядан қорғайтын материалдар өндірісін локализациялау импортқа тәуелділікті төмендетіп қана қоймай, отандық компаниялардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл қадам тек технологиялық тәуелсіздікке ғана емес, сонымен қатар білімге, инновацияларға және ғылыми жетістіктерге негізделген экономикамыздың тұрақты дамуына бағытталған.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту