13 желтоқсан 2019 5607

Сәтбаев университетінің ғылыми командасы – Мемлекеттік сыйлық иегері

Сәтбаев университетінің ғылыми командасы – Мемлекеттік сыйлық иегері

Осы жылы 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен техника саласы бойынша әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық беру туралы бұйрыққа қол қойды. Осыған орай Ақордада 12 желтоқсан күні салтанатты жиын өтті. Аталмыш сыйлықтың лауреаттары қатарында Сәтбаев университетінің Ректоры Искандер Бейсембетов пен университеттің үш ғалымы бар. Олардың «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы мұнай құбырының бағыттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдау кезінде энергия үнемдеуге ғылыми-техникалық қолдау көрсету» тақырыбында жазылған ғылыми жұмыстары өте жоғары аталып өтті.

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы мұнай құбырының бағыттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдау кезінде энергия үнемдеуге ғылыми-техникалық қолдау көрсету» атты жоба – Сәтбаев университеті мен «ҚазТрансОйл» компаниясының бірлесіп жүргізген ғылыми жұмысы. Осы жоба аясында университет ғалымдары мұнай тасымалдаудың өте жоғары тиімді жүйесін жасанды интеллект негізінде жасап шығарды.

Сонымен, Сәтбаев университеті атынан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанғандар:

  • Сәтбаев университетінің Ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Искандер Бейсембетов;
  • Сәтбаев университетінің ғылым жөніндегі проректоры, Металлургия және байыту институтының бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Бағдәулет Кенжалиев;
  • «Моделирование в энергетике» ғылыми-өндірістік зертханасының «Компьютерлік модельдеу және бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі Тимур Бекибаев;
  • «Моделирование в энергетике» ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ұзақ Жапбасбаев.

Университет ұжымы Искандер Бейсембетов пен оның ғылыми командасы оқу орнының инновациялық техника мен технология саласында жоғары жетістіктерге жетіп, Мемлекеттік сыйлыққа ие болғандары үшін шын жүректен құттықтайды! Сіздердің отандық ғылымға қосқан үлестеріңіз – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының одан әрі гүлденуі мен еліміздің экономикасына қажетті жоғары білікті мамандар даярлау жолындағы ерен еңбегіміздің кепілі болып табылады. Сіздерге мол табыс, әлемдік деңгейдегі жаңа идеялар мен соған жету жолында қажымас қайрат тілейміз! 

Сәтбаев университетінің ұжымы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту