Ақпарат:

28 мамыр 2021 17495

Сәтбаев Университетінің Химия және биологиялық технология институты болашақтың мамандықтарын ұсынады

Сәтбаев Университетінің Химия және биологиялық технология институты болашақтың мамандықтарын ұсынады

2016 жылы The Independent басылымы Microsoft компаниясының тапсырысы бойынша зерттеу жұмысын жариялады.  Бұл жұмыста зерттеушілер алдағы 10 жылда қандай мамандықтарға сұраныс болатынын болжауға тырысты.

Зерттеу жұмысының негізгі қорытындысы бойынша: студенттердің 65%-дан астамы бүгінгі таңда бізге әлі белгісіз лауазымдарда жұмыс істейтін болады, ал келешегі зор бағыттар ретінде Химиялық инженерия, биология және биотехнология саласындағы зерттеулер аталады. Экология және мұнай химиясы, адамның ДНК құрылымындағы өзгерістер, пластикті қайта өңдеу, биоотын, ақылды материалдар мен жасанды жасушалар жасау – жоғарыда аталған бағыттар бойынша алынған Магистр дәрежесі сізге ақысы жоғары төленетін маман болуға көмектеседі.

Сәтбаев Университетінің Химия және биологиялық технология институты (ХжБTИ) Магистратурасының білім беру бағдарламалары қайта өңдеумен айналысатын саладағы компанияларға жұмысқа орналасуға, өндірістің барлық салаларындағы экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Магистр дәрежесін алу студенттер үшін кең перспективаларға жол ашады, атап айтқанда, Қазақстанда да, шетелде де басқарушылық қызметтерді атқаруға мүмкіндік туады.

Замануи биохимиялық инженерия – инновациялық технологияның алдыңғы қатарында тұрған күрделі сала. Бұл саланың мамандары бүкіл әлемде жоғары сұранысқа ие болатыны және өте жоғары бағаланатыны таңқаларлық жағдай емес. Биохимиялық және биоэкологиялық инженерия әлемінде болашақта бізді нағыз революциялық жаңалықтар күтуде!

Химия және биологиялық технология институты

Білім беру бағдарламаларына тіркелу 

Барлық сұрақтар бойынша:

grad@satbayev.university;
a.seitkhan@satbayev.university;
g.aitkaliyeva@satbayev.university;
z.tuiebakhova@satbayev.university;
r.iskakov@satbayev.university.

Магистратураның білім беру бағдарламалары

Химиялық және биохимиялық инженериядағы компьютерлендіру

Деректерді талдау, жасанды интеллект, химиялық және биохимиялық инженериядағы машиналық оқыту саласының мамандарын даярлайды.

Білім беру бағдарламаларының тобы

Кешенді тест (КТ) пәндері

М082 Биотехнология

Биохимия

Биотехнология негіздері

М087 Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

Геоэкология

Экологиялық мониторинг

М097 Химиялық инженерия және процестер

Бейорганикалық химия

Жалпы химиялық технология

 

Көмірсутекті қосылыстардың химиялық инженериясы (Мұнай химиясы)

Баку Мемлекеттік университетімен бірлескен қосдипломдық бағдарлама.

Мұнай химиясы және мұнай мен газды қайта өңдеудің химиялық технологиясы саласында, органикалық заттардың, мономерлер мен полимерлердің маңызды түрлерін синтездеудің және өндірудің озық әдістері саласында практикалық тәжірибелері мол мамандарды даярлайды.

Білім беру бағдарламаларының тобы

                 КТ пәндері

М097 Химиялық инженерия және процестер

Бейорганикалық химия

Жалпы химиялық технология

 

Биоэкологиялық инженерия

Экология, химия және химиялық инженерия, биотехнология саласындағы пәнаралық мамандықтардың заманауи әдістерін меңгерген, алынған білімді инженерлік-жобалық және ғылыми-зерттеулік қызметте, сондай-ақ өндірістік қызметте жүзеге асыруға қабілетті  мамандарды даярлайды.

Білім беру бағдарламаларының тобы

КТ пәндері

М082 Биотехнология

Биохимия

Биотехнология негіздері

М087 Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

Геоэкология

Экологиялық мониторинг

 

Химиялық процестер және химиялық материалдар өндірісі

Негізгі химия салалары үшін химия және химиялық технология саласының мамандарын даярлауға бағытталған бағдарлама, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және өзін-өзі дамытуға ұмтылып, табысты жұмыс істей алатын креативті мамандарды даярлайды.

Бітірушілер 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология Магистрі академиялық дәрежесін, ал 2 жылдық оқу кезінде – техника ғылымдарының Магистрі академиялық дәрежесін алып шығады.

Білім беру бағдарламаларының тобы

                       КТ пәндері

М097 Химиялық инженерия және процестер

Бейорганикалық химия

Жалпы химиялық технология

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту