12 қазан 2023 1524

Сәтбаев университетінің командасы Батыс Англия университетімен бірлесіп трансұлттық білім беру саласындағы жобаны бастайды

Сәтбаев университетінің командасы Батыс Англия университетімен бірлесіп трансұлттық білім беру саласындағы жобаны бастайды

Екі университет ( «Батыс Англия университеті, Ұлыбритания және Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (Сәтбаев университеті, Қазақстан) командасы InterLinks шағын гранттар бағдарламасының (Британдық Кеңесi) трансұлттық білім беру саласындағы серіктестікті дамыту жобасына грант ұтып алды.

Жоба Батыс Англия университетінің де, Сәтбаев университетінің де трансұлттық білім беру саласындағы серіктестердің қажеттіліктерін және ынтымақтастық мүдделерін зерттеуге бағытталады. Жоба тобы құрылыс, сәулет және BIM технологиялары, жасыл құрылыс және информатика салаларында бірлескен академиялық, ғылыми және мобильді бағдарламалардың мүмкіндіктерін қарастырады.

Жоба жетекшісі Ұлыбританияның Батыс Англия университеті доктор Умар Тарик болды. Сәтбаев университетінен командаға доктор Бақытжан Елікбаев, доктор Айжан Қасымова, Владимир Яскевич, Саят Ниетбай және Адина Төлебаева кірді.

Сондай-ақ жобада инженерияның осы салаларына бағытталған нақты трансұлттық білім беру құрылымын құру стратегиясын көрсететін құжат түріндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді деп күтілуде. Жоба франчайзинг құру немесе серіктес мекеме арқылы Ұлыбритания бағдарламаларын жеткізу мүмкіндігін зерттейді. Жоба Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдеріндегі әріптестік мүмкіндіктерін зерделеуге жол ашады деп күтілуде.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту