Сәтбаев университетінің командасы «Еврохим» чемпионатының қола жүлдегері атанды
14 ақпанда Мәскеуде кейс бойынша чемпионаттың финалы өтті. Ол төрт бағытта, яғни «Тау-кен ісі», «Минералды тыңайтқыштар», «Сауда» жəне «Логистика» бағытында өткізілді.
Мəскеулік финалда жүлделі 3-орынды PITMAN командасы иеленді. Бұл команданың қатысушылары 4-курс студенттері – Магавьянов Дәулет, Есенжолов Тимур, Шоныбас Аблайхан, Сағын Рахымбек. Команданың финалға дайындығымен «МІжГ» кафедрасының лекторы Тоқтаров Аян Асқарович айналысты.
АО «МХК «Еврохим» кейс бойынша чемпионаты – бұл инженерлік кейстердің шешімін табу бойынша жарыс болып табылады. Ол іріктеу кезеңдері мен соңғы финалдық кезеңнен тұрады. Финал Мәскеуде өткізіледі. Бес жыл бойы өткізіліп келе жатқан бұл іс-шараның демеушісі жəне ұйымдастырушылары – АО «МХК «Еврохим» компаниясы.
Соңғы кезеңдегі тапсырмалары дəл финалдың өзінде ғана жарияланды. Студенттерге сол тапсырманың, яғни белгілі бір объекттегі нағыз өндірістік мәселенің шешімін табу үшін үш сағат уақыт берілген болатын. Берілген тапсырма – Ковдор тау-кен байыту комбинатындағы тау-кен өнеркәсібінің техникалық жағдайының төмендігіне қарамастан, тау-кен істерінің өндірістік күшін арттыру арқылы жоспарлау жəне іске асыру болатын.
PITMAN командасы берілген тапсырманың біршама кешенді, əрі жан-жақты шешімін əділ қазыларға тауып көрсетті. Сөйтіп əділ қазылардың ерекше мақтауына ие болды. Студенттердің айтуынша, олар осы мәселенің шешімін іздеу барысына бар ынталарымен кірісіп, қызығып кеткендері соншалық, əділ қазылардың алдында сол шешімін таныстыру сəтіне толыққанды дайындалып үлгермей қалған екен. Алайда жарыстың нәтижесіне риза екендерін айта кетті. Сонымен қатар осы жарыста Ресейдің тау-кен инженерлерін дайындау бойынша алдыңғы қатардағы Санкт-Петербург жəне Мəскеулік ЖОО-ның командаларынан озып, жеңіске жетуі PITMAN командасының студенттеріне үлкен сенімділік берді.