Ақпарат:

23 қазан 2025 256

Сәтбаев университетінің командасы HackNU 2025 хакатонында Aitys.ai жобасымен 2-орын иеленді

Сәтбаев университетінің командасы HackNU 2025 хакатонында Aitys.ai жобасымен 2-орын иеленді

Сәтбаев университетінің командасы Астана қаласында өткен беделді HackNU 2025 хакатонында екінші орынға ие болды. Студенттердің Aitys.ai атты жобасы Higgsfield.ai компаниясының машиналық оқыту трегінде жоғары бағаланды.

Сәтбаев университетінің PUNKVERSE командасына Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының төрт студенті кірді. Олар 24 сағат ішінде Алдар Көсенің бейнесін жасап, әрі оның келбетін барлық кадрларда сақтай отырып, логикалық және бір-бірімен байланысатын 6–10 сурет түріндегі сториборд жасап шығаруға міндетті болды. Нәтижесінде Сәтбаев университетінің командасы көркемдік көзқарас пен машиналық оқытудың нақты алгоритмдерін ұштастырған шешім ұсынып, бұл тапсырманы сәтті орындап шықты.

Жаңа сервисті Aitys.ai деп атады – бұл қысқа мәтіндік сұранысты толық иллюстрацияланған оқиғаға айналдыратын жасанды интеллект. Сервис берілген стильдегі сюжетті – қазақ халық ертегілерінен бастап, Лавкрафттың қаралы шығармаларына дейін өздігінен құрып шығады, әрі 7–9 кадрдан тұратын серияны кейіпкерлердің бейнесі мен оқиғаның логикалық мазмұнын сақтай отырып жасайды.

HackNU хакатоны дәстүрлі түрде Қазақстан мен оның өңірлерінен ең мықты жас әзірлеушілерін жинап, студенттерді, зерттеушілерді және стартап-командаларды технологиялардың болашағын қалыптастыратын идеялар төңірегінде біріктіреді. Бұл жай ғана жарыс емес, бұл – жаңа идеялар туатын және болашақ IT-көшбасшыларына мансаптық мүмкіндіктер ашылатын алаң.

Биылғы жылы машиналық оқыту мен генеративті жүйелерге баса назар аударылды. Сәтбаев университетінің командасы үшін бұл хакатон өздерін танытудың мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект саласында жаңа шешімдер іздеуге шабыттандырған ерекше тәжірибе болды.

Сәтбаев университеті студенттерді жеңістерімен шын жүректен құттықтап, үлкен технологиялық жаңалықтарға бастайтын еңбек жолында жаңа табыстар тілейді!

Сәтбаев университетінің командасы HackNU 2025 хакатонында Aitys.ai жобасымен 2-орын иеленді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту