Сәтбаев Университетінің "Күміс университеті" Сізді «Объективте – Менің Әлемім!» атты фотобайқауына қатысуға шақырады

Сәтбаев Университетінің Күміс университеті мен Алмалы ауданының Орталық Әлеуметтік Департаментінің бірлесуімен ұйымдастырылған екінші мобильді фотосурет байқауына фото қабылдау мерзімі аяқталуға жақын. Байқауға тек 55 жастан асқан қазақстандықтар қатыса алады. Әр қатысушы 4 фотосуреттен артық емес жібере алады. Егер қатысушы Күміс университеті ұйымдастырған «Мобильді фотосурет түсіру құпиялары» курсына немересімен бірге қатысқан болса, онда фотобайқауға бірігіп қатысуға болады.
Фотосуреттерді кәсіби фотографтар, суретшілер және зейнеткерлер қауымдастығының өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалайды. Бағалау критерийлері: өзіндік ерекшелігі, техникалық сапасы мен шеберлігі, композициясы, эмоциялық әсері. Сонымен қатар, мобильді құрылғының камера баптаулары, фильтрлер мен фото өңдеу қосымшаларын қолдану деңгейі де ескеріледі.
Байқау номинациялары:
- Кадрдағы өмір – отбасы, балалар мен немерелер, достар;
- Эмоция сәті – репортаж, көше фотосуреттері, спорттық кадрлар;
- Күміс көкжиектер – натюрморт, табиғат және туған қала мен елдің сәулеті, саяхат фотосуреттері;
- Мәселеге бет бұр – қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік, экологиялық және мәдени мәселелерге шығармашылық әрі терең көзқараспен қарау.
Фотосуреттерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 15 ақпаннан 30 сәуірге дейін.
Марапаттар: медальдар, дипломдар және естелік сыйлықтар.
Қатысушылар: 55 жастан асқан азаматтар.
Фотосуреттер форматы: электронды түрде TIFF немесе JPEG форматында жіберілуі тиіс.
Фотосурет туралы ақпарат: әр суретте бірегей атауы, автордың Аты-жөні, жасы және телефон нөмірі көрсетілуі керек.
Фотосуреттерді электрондық пошта немесе WhatsApp арқылы жіберуге болады:
- Аружан Шыныбекова – a.shynybekova@Satbaev.university, тел: +7-747-510-6708
- Бақыт Жапарович Шарипов – bsharipov@mail.ru, тел: +7-701-999-1592.