Сәтбаев университетінің қызметкерлері американдық-қазақстандық университеттер арасындағы серіктестік бағдарламасына қатысты
Сәтбаев университетінің делегациясынан – Айжан Касымова және Жұбанов университетінен – Майра Алдиярова мен Анарбек Дәулетяров АҚШ пен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы жобаларды қолдау мақсатында АҚШ-Қазақстан университеттерінің серіктестік бағдарламасы аясында АҚШ-тың Purdue университетінде профессор Paul Asunda-ға іс сапармен барып қайтты. АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі және Вашингтондағы АҚШ Мемлекеттік департаменті осы іс-сапарды қаржыландырды. Жоба 2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың ақпанына дейін жалғасады.
«Leading Academic Transformation: Enhancing STEM Instructional methods» жобасы Purdue университеті, Жұбанов университеті және Сәтбаев университеті арасында STEM білім беру саласындағы оқу бағдарламаларын әзірлеу, зерттеу және әлеуетті арттыру салаларында тұрақты халықаралық ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға бағытталған.
Жоба аясында Сәтбаев университеті мен Жұбанов университетінің 40 оқытушысы Purdue университетінде онлайн курстан өтті, ал маусым айында курстың практикалық бөлігін Purdue университетінің профессоры Paul Asunda жүргізді.
Профессор Paul Asunda, Purdue политехникалық институтының Технологиялық көшбасшылық және инновациялар факультетінің инженерлік және технологиялық білім беру кафедрасының доценті және педагогикалық колледждің оқу бағдарламалары мен нұсқаулықтары бөлімінде бірлескен лауазымға ие. Ол сонымен қатар STEM (CATALYST) оқыту мен оқытуды жетілдіру орталығының оқытушысы болып табылады.
Сапардың бес күнінде Қазақстан делегациясы алдағы ынтымақтастықты, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, ғылыми тағылымдамадан өтуді және студенттермен алмасу мақсатында университет басшылығымен және профессорларымен бірқатар кездесулер өткізді. Университетте сабаққа қатысып, кейбір оқыту әдістерімен таныстық.
Сондай-ақ жобаның нәтижесі болып табылатын Қазақстанда STEM оқыту әдістері бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастырдық.