22 желтоқсан 2020 3620

Сәтбаев университетінің магистранты «Үздік жас ғалым – 2020» төсбелгісімен марапатталды

Сәтбаев университетінің магистранты «Үздік жас ғалым – 2020» төсбелгісімен марапатталды
Төлеп Алмас Ерболұлы

2020 жылғы 28 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында "Бөбек" Жалпыұлттық қозғалысы" қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Ғылыми – білім беру мекемелері арасында "II Халықаралық кітап басылымы", "Үздік жас ғалымдар – 2020" жобаларының жеңімпаздары жарияланды. Бұл жобаға бүкіл ТМД ғылымының дамуына баға жетпес үлес қосқан үздік жас ғалымдар қатысты. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жас ғалымдардың ең маңызды және инновациялық жобаларын анықтау, ғылыми мүдделерін ілгерілету, ғылымды дамыту үшін ортақ біріктіретін алаң құру.

Сәтбаев университетінің "Сәулет және қала құрылысы" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 2-ші курс магистранты Төлеп Алмас Ерболұлы I дәрежелі дипломмен және "Үздік жас ғалым – 2020" төсбелгісімен марапатталды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту