Сәтбаев Университетінің магистрі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инновациялық вертикализатор жасап шығарды
Сәтбаев Университетінің Машина жасау және энергетика институтының магистрі Жалғасбек Бекнұр «Машина жасау» кафедрасы жанындағы Студенттік конструкторлық бюроның басшылығымен ерекше күтімді қажет ететін адамдардың өмірлерін жақсартуға арналған вертикализатор құрылғысын жасап шығарды.
Бұл бұрылмалы вертикализатор сал ауруымен ауыратын науқастарды жұлын және бас миының жарақаттарынан кейін, сондай-ақ ұзақ уақыт (төсек тартып) жатқаннан кейін оңалту үшін және т.б. қолданылады. Ол қолданысқа өте жеңіл әрі ыңғайлы, көлденең позицияда (максимум) 80 градусқа көтеріледі, сондықтан ол медициналық процедуралар жасау үшін тиімді құрал болып саналады.
Вертикализаторды жасап шығару Мейкатон TOM Almaty фестивалі аясында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының, сондай-ақ Инклюзивті білім беруді қолдау және сүйемелдеу орталығының белсенді араласуының арқасында мүмкін болды. Сәтбаев Университеті қоғамдық ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған құрылғы жасау жөніндегі өтінішіне осындай талпыныспен жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, Инклюзивті білім беруді қолдау және сүйемелдеу орталығын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауымен Сәтбаев Университетінде ҚР Парламентінің депутаты Таңсәуле Серіков 2023 жылғы 5 мамыр күні ашқан болатын.
«Машина жасау» кафедрасы жанындағы Студенттік конструкторлық бюро оқытушылары мен қызметкерлерінің тәлімгерлермен бірлесіп әзірлеген вертикализатор ерекше күтімді қажет ететін жандарға жаңа мүмкіндіктер береді. Құрылғының жан-жақтылығы мен тиімділігі дер кезінде көмек алатын адамдардың санын көбейтеді.
Сәтбаев Университеті көмек беретін аудиторияны барынша кеңірек қамтуға және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға ұмтылады. Бұл бастама біздің әлемді инклюзивті етуге және барлық адамдарға мүмкіндік беруге арналған.