19 наурыз 2019 4300

Сәтбаев университетінің мерейтойы мен Жастар жылына арналған спорт мерекесіне шақырамыз

Сәтбаев университетінің мерейтойы мен Жастар жылына арналған спорт мерекесіне шақырамыз

Үстіміздегі жылы 29 наурыз күні академик-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына, аты аңызға айналған Политехтың 85 жылдығына және биылғы Жастар жылына арналған студенттік спорттық мереке өтеді. Мерекенің ең басты қызықты оқиғасы – Политехты әр жылдарда бітірген түлектер мен «Дельта» командасы (Алматы) арасында хоккейден өтетін достық ойыны.  Бұл ойынға Сәтбаев университетінен шыққан топ-менеджерлер, еңбек ардагерлері, спортсмендер мен белгілі қоғам қызметкерлері қатысады.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда биылғы жылды «Жастар жылы» деп салтанатты түрде белгілеген болатын. Бұл бастама өскелең ұрпақпен жұмыс жүргізуге және жастар саясаты жөніндегі көптеген тың жобаларды іске асыруға түрткі болды. Солардың бірі – Сәтбаев университеті ұйымдастырып отырған осы спорт мерекесі.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – Алматы қаласындағы жастар мен өнеркәсіп орындарының белсенді қызметкерлері арасында байланыс орнатып, өзара тәжірибе алмасу, сөйтіп жас тұрғындардың хоккей ойынына деген қызығушылығын арттыру. Осылайша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының спорт бағыты аясында студент-жастар арасында спорттың бірнеше түрлерін дәріптеп, оларды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.

Ал спорттық мереке өте қызықты әрі жинақы түрде өтеді деп жоспарлануда. Қонақтарды флешмоб, музыкалық номерлер және әртүрлі сыйлықтар ұтып алу ойындары күтіп тұр. Сәтбаев университетінің студенттері мен оқытушылары «хоккейде ең басты мәселе – сырғанау емес, ең бастысы – ерік-жігерге жол беріп, арманға, жеңіске ұмтылу» екенін дәлелдемек.

Мерекенің өтетін күні мен орны: 29 наурыз 2019 жыл, сағат 21.00. Алматы қаласы, «Олимпик» мәдени-спорттық кешені.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту